Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Slider

Әлнұр Ілияшевке сот үкімі шықты

malim Авторы: malim
22.06.2020
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін “Төтенше жағдайда жалған ақпарат таратты” деген айып тағылған азаматтық белсенді Әлнұр Ілияшевке сот үкімі шықты.

Судья Залина Махарадзе Әлнұр Ілияшевті Қылмыстық кодекстің 274-бабы 4-бөлімі бойынша айыпты деп танып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті. Сондай-ақ ол жаза мерзімі аяқталғанша жылына 100 сағат қоғамдық жұмыстарға тартылады. Сондай-ақ ол уәкілетті мемлекеттік органға хабарламай, тұрғылықты жер мен жұмысты ауыстыра алмайды.

Ә.Ілияшевтің тәртібін жаза мерзімі аяқталғанша пробация қызметі бақылайды. Сонымен қатар Ә.Ілияшев сот үкім бойынша, бес жыл бойы қоғамдық және саяси қызметпен айналыса алмайды.

Судья белсенді бас бостандығын шектеу жазасынан жалтарса, бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына өзгертілетінін ескертті.

“Сот үкімін түсіндіңіз бе? Кінәңіз дәлелденді. Балаларыңыз бар болғандықтан және осы уақытқа дейін сотталмағаныңызды ескеріп, жазаны жеңілдеттік” деді судья З.Махарадзе.

“Одан да түрмеде қалсам бола ма? Барлық мүмкіндіктен айырдыңыз”, – деді Ә.Ілияшев.

Ә.Ілияшев сот процесі кезінде өзіне тағылған кінәні мойындамаған.

Белсенді Әлнұр Ілияшев 17 сәуір күні “төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратты” деген күдікпен ұсталған. Алматы қалалық полиция департаменті «күдікті жұртты әдейі жаңылыстыратын ақпарат таратты, полицияның ескертуіне құлақ аспады. Ол тіпті ар-намыс пен іскерлік беделді қорғау ісі бойынша өткен соттан да тиісті қорытынды жасамады. Сот үкімі бойынша, Ілияшев бұрын таратқан ақпаратты теріске шығаруға міндетті еді», – деп хабарлады.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қазақстан билігінен Әлнұр Ілияшевті қамаудан босатып, қылмыстық істі тоқтатуға шақырған.

Tags: азаматтық белсендіӘлнұр ІлияшевЗалина МахарадзеНұр ОтанСот

Ұқсас жазбалар

Фото: Prosprots.kz

Мәдениет министрі орынбасарының не үшін ұсталғаны айтылды

Авторы: malim
26.02.2021
0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәдениет және спорт министрінің орынбасары Сәкен Мұсайбековтің ұсталғанын растады. Бұл туралы бүгін өткен брифигіде агенттіктің...

Солдан оңға қарай: Қазбек Бейсебаев, Айдос Сарым және Айдар Әлібаев

“Әділ сайлау өтсе, бірде-бір әкім орнында қалмайды”

Авторы: malim
26.02.2021
0

Бүгін ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында президент Тоқаев 2024 жылдан бастап аудан әкімдері тікелей сайланатынын мәлімдеді.  Сарапшылардың бірі бұл  бастама...

Аналар үш күннен бері Нұр-Сұлтан әкімдігіне түнеп жүр

Авторы: malim
25.02.2021
0

Бір топ әйел үш күннен бері Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне түнеуде. Олар талаптары орындалмайынша ешқайда кетпейтіндерін айтуда. Аналар биліктен «ана мен...

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тоғжанов Сапарбаевтың орнына жайғасты

11.02.2020

Шавхат Мирзиеев: Қазақ бауырларымыздың алдында ұяттымыз

05.05.2020

Кімге қамқорлық: дәрігерге ме, бизнеске ме?

07.09.2020
Көрнекі сурет

Қазақстандықтар Ресейге кетіп жатыр

12.03.2020

«Ұлттық арна жүн беттер арнасы»

08.10.2020
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!