Салтанат Нүкенованың ісі: сотталған Байжанов амнистия сұрап отыр

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша сотталған Бақытжан Байжанов амнистия бойынша жаза мерзімін қысқарту туралы өтініш берді, деп хабарлайды Malim.kz Informburo.kz сайтына сілтеме жасап.
«2025 жылғы 9 шілдеде Бақытжан Байжанов Степногор аудандық сотына амнистия заңы аясында жаза мерзімін қысқарту туралы өтінішпен жүгінді. Өтінішті қарау күні әлі белгіленбеген», – делінген хабарламада.
Еске салсақ, Байжановқа қатысты сот үкімі 2024 жылдың маусым айының соңында күшіне енді. Үкімге сәйкес, Байжанов аса ауыр қылмысты алдын ала уағдаласпай жасыру бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылған.
Қазақстандағы амнистия туралы заңға сай, бұл санаттағы қылмыстар үшін жаза мерзімін бестен бір бөлікке қысқарту көзделген, бұл шамамен 9 айды құрайды.
2023 жылдың 26 тамызында Байжанов кассациялық шағымын кері қайтарып алған болатын. Оның адвокаты бұл шешімнің себебін айтпағанымен, клиенттің кез келген уақытта қайта шағымдануға құқығы бар екенін жеткізген. Мұндай өтініштерге ескіру мерзімі қолданылмайды.
2024 жылдың 23 маусымында президент Конституцияның 30 жылдығына орай амнистия туралы заңға қол қойды. Бұл заң 15 мыңнан астам сотталған адамды қамтиды. Олардың шамамен 2 мыңы бостандыққа шығады, ал қалғандарының жаза мерзімі қысқартылады. Амнистияны қолдануға қатысты материалдар соттарға 2025 жылдың соңына дейін келіп түседі.
Фото: Жоғарғы сот

Ең көп оқылған
