Қытай вирусты жеңбесе, Токио олимпиадасы өтпейді

Malim Админ

  • 10.02.2020

Токио-2020 жазғы олимпиадасы Қытайдың Ухан қаласында таралған коронавирустың салдарынан өтпей қалуы мүмкін. Дегенмен, ол уақытқа дейін Қытай үкіметі бұл вирусты тоқтатады деген үміт бар. Бұл туралы Токио олимпиадасын ұйымдастыру комитеті айтты.

«Мен қатты алаңдаулымын. Жағдайды мейлінше тез арада реттейтін шығар деп үміттенем», - деді Токио олимпиадасы ұйымдастыру комитетінің атқарушы директоры Тоширо Муто.

Ал, Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ вирустың олимпиаданың өтуіне кедергі келтірмеуі үшін барлық шараларды қолданатынын жеткізді. Олимпиаданың дайындық кезеңіне де, өтуіне де ешқандай өзгеріс енбегені маңызды. Олимпиада өтетін ауылдың басшысы Сабуро Кавабути да төрт жылда бір келетін айтулы спорт мерекесі өз ырғағымен өтеді деп сенеді. Коронавирус қатысушыларға да, жанкүйерлерге де ешқандай кедергі келтірмеуі керек дейді ол.

Еске салсақ, Рио-2016 олимпиадасы қарасаңында дәл сол Латын Америкасынан қауіпті вирус тарап, олимпиада өтпей қала ма деген мәселе көтерілген. Зика вирусы да қаңтарда басталып, мыңдаған адамға жұққан. Бірақ, ақыры бәрі ретке келген. Әрине, коронавирустың жөні басқа, әзірге емі табылмаған, жаңа жұқпалы дерт. Зардап шегушілер де әлдеқайда көп. Оның үстіне, Қытайдан тараған вирустың Жапонияда да тіркеліп жатқанын ескерсек, бәрі мүмкін.

Дегенмен, мамандар бұл туралы топшылау жасауға әлі ерте дейді.

Қытай билігі алғашында коронавирусты наурыз айының ортасында тоқтатамыз деген. Олар вирустың таралуының шырқау шегі ақпанның ортасы болады, одан ары жағдай реттеле бастайды деп болжаған. Бүгінгі ресми ақпаратқа сәйкес 37 552 адам жұқтырып, 813 адам қаза болған. Және бұл көрсеткіштің күн сайын өсіп жатқанын ескерсек, Қытай үкіметінің болжамы расқа айналуы да мүмкін. Бірақ, Лондон ғалымдары бұл вирустың шырқау шегі ақпанның екінші жартысында тіркеледі дейді. Олардың болжамынша, ауруды 500 мыңнан астам адам жұқтыруы мүмкін. Ал, Қытайдың ресми мәліметіндегі цифрлар тым төмендетіліп көрсетілген дейді.

Қалай дегенде де, коронавирус қазірдің өзінде Токио олимпиадасына, нақтырақ айтсақ, дайындық кезеңіне әсер етіп жатыр деуге болады. Өйткені, бокстан олимпиадаға іріктеу жарысы 3-14 ақпан аралығында дәл осы Ухан қаласында өтуге тиіс болған. Бірақ, ХОК вирустың таралуына байланысты бұл іріктеу жарысының уақытын да, орнын да өзгертуге мәжбүр болды. Енді бұл жарыс 3-11 наурызда Иорданияның Амман қаласында өтеді.

Сол сияқты, тағы бірнеше спорттық шараларға өзгерістер енгізілді. Қытайда өтуге тиіс халықаралық жарыстар кейінге шегерілсе, басқа мемлекеттерде өтетін жарыстардан қытайлық спортшылар шеттетіліп жатыр.

Алмас НҮСІП

Фото: m.sport-express.ru

Байланысты жаналықтар

Сарсаңда өткен сол бір кез...

04.04.2020

Бала Божко министрге: «Шешімді жүре қабылдайсыздар»

21.02.2020

Мұхтар Мағауиннің жастарға хаты

03.02.2020

Экономика министрі тым «экономшыл» екен

10.03.2020

Шымбұлақтағы экстремалдар сайысы

24.02.2020

Әкім келмейді: Ақтөбе тұрғындары он күннен бері азық-түліксіз отыр

08.04.2020
MalimBlocks
Сарсаңда өткен сол бір кез...

Бала Божко министрге: «Шешімді жүре қабылдайсыздар»

Мұхтар Мағауиннің жастарға хаты

Экономика министрі тым «экономшыл» екен

Шымбұлақтағы экстремалдар сайысы

Әкім келмейді: Ақтөбе тұрғындары он күннен бері азық-түліксіз отыр