Баталов Нұр-Сұлтанда емделіп жатыр

Malim Админ

  • 08.07.2020

Коронавирусқа шалдыққан Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ Нұр-Сұлтан қаласында емделіп жатыр. Бұл туралы әкімнің орынбасары Батыржан БАЙЖҰМАНОВ хабарлады.

Алматы облысының басшысы коронавирус жұқтырды деген  ақпарат 2020 жылдың 22 маусым күні шыққан еді. Амандық ҒАББАСҰЛЫНА ем алып жатқанына жарты ай болды.  Маусым айының соңында әлеуметтік желіде 67 жастағы шенеунік Талдықорған қаласындағы көпсалалы ауруханада бір блокта жалғыз өзі жатыр деген ақпарат шыққан еді. Артынша облыс әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалмұрат ЖҮКЕЛ оны жоққа шығарған.

«Амандық Ғаббасұлы Талдықорғанда емделіп жатқан еді. Алайда, жүрегі мазалағандықтан Нұр-Сұлтан қаласындағы кардиологиялық орталыққа ауыстырылды. Ол кісі үнемі спортпен шұғылданады. Бұйырса сауығып кетер», - деді облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов «Жетісу» телеарнасының тікелей эфирінде.

Сондай-ақ, Батыржан ҚҰЛАЙМАРГЕНҰЛЫ облыстағы ахуалды баяндады. Шенеуніктің айтуынша, Талдықорған қаласында 30-40-тай медициналық қызметкер жетіспейді екен. Жалпы, облыс бойынша 156 маман тапшы. Covid-19 күресу үшін бюджеттен бөлек демеушілерден 160 млн қаражат түскен екен.

Ресми мәлімет бойынша елімізде бұл індетке 51059 адам шалдыққан. Ал Алматы облысында 2750 адам ауырып жатыр. 610 адам сауығып кетсе, төрт отбасы қара жамылған.

Фото: baq.kz

 

 

 

 

 

Байланысты жаналықтар

«Оқжетпес» футбол клубы өз қызметкерлеріне 400 млн теңгеден астам қарыз

29.03.2024

Бишімбаев ісі: Сот отырысын кез келген адам онлайн-трансляция арқылы көре алады

27.03.2024

Грузия алғаш рет Еуропа чемпионатына жолдама жеңіп алды (ВИДЕО)

27.03.2024

Париж-2024: Ұлттық құрама қоржынында 31 жолдама бар

26.03.2024

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алды

25.03.2024

Қазақ боксшылары 6 алтын, 3 күміс, 2 қола жеңіп алды

24.03.2024
MalimBlocks
«Оқжетпес» футбол клубы өз қызметкерлеріне 400 млн теңгеден астам қарыз

Көкшетау прокуратурасының мәліметінше, «Оқжетпес» футбол клубы 160 қызметкерінің жалақысын төлемеген, деп хабарлайды Malim.kz.

Бишімбаев ісі: Сот отырысын кез келген адам онлайн-трансляция арқылы көре алады

Грузия алғаш рет Еуропа чемпионатына жолдама жеңіп алды (ВИДЕО)

Париж-2024: Ұлттық құрама қоржынында 31 жолдама бар

Қазақстан қоржынында Париж Олимпиадасының 11 спорт түрінен 31 лицензия бар.

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алды

Қазақ спортшылары олимпиадаға жолдаманы Тблисиде өткен әлем кубогінде жеңіп алды.

Қазақ боксшылары 6 алтын, 3 күміс, 2 қола жеңіп алды

Халықаралық жарыс Литваның Кунас қаласында өткен. Турнир боксшы әрі тренер Альгирдас Шоцикас құрметіне ұйымдастырылған.