Ректор да билік пен жүйеге ашына бастапты

  • 12.07.2020
  • Malim Админ

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры,  бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі (2008-2011) Ақылбек Күрішбаев әлеуметтік желідегі жазбасында үкімет төтенше жағдайға дайын емес екенін көрсетті дейді. Бұрынғы министр әлемжеліде ашына жаған пікірінде елдің арқасында байыған олигархтар мен қалталы азаматтар арнайы қор ашып, халыққа көмектесін деген ұсыныс тастайды. Төменде А.Күрішбаевтың жазбасын назарларыңызға ұсынамыз.

"Қазақстанның ішкі-сыртқы және өндірістік қазба байлығының 55 пайызы тек 162 адамға ғана тиесілі екен. Орта есеппен әлгі әлемдік деңгейдегі олигархтардың жылдық табысы 50 миллион доллардан асып түседі.
Мұнша байлық оларға қалай келді?
Әрине, елдің, халықтың арқасында.

Үлкен қаржыны игеріп шексіз табыс тауып отырған сол отандастарымыз қазіргідей қиын-қыстау заманда не істеп жатыр. Дұрыс, бас кезінде біраз бизнесмендеріміз арнайы қор ашып, елге көмектесті. Ал қазір ше? Жағдайдың күрделі болып бара жатқанын көздері көріп отыр. Бүгінгі күннің өзінде дәрілік препараттар жетпей қанша адам өмірімен қош айтысты...

Президентіміз халық үшін барынша тиісті шаралар қолдануда. Ал шынтуайтына келгенде ел Үкіметі тәжірибесінің аздығы мен төтенше жағдайға дайын емес екендігін көрсетті. Бұл жағдайға соғыс деп қарау керек. Ал сол соғысқа біздің төтенше жағдайлар жөніндегі құзырлы орындар мен Үкімет осалдық танытып отырғаны шындық.

Мен түсінбейтін мына мәселе. Егер біз кейбір көршілеріміз тәрізді кедей мемлекет болсақ жағдай түсінікті. Ол елдерде біздегідей форбсқа кіретін байлар, олигархтар көп емес. Ал біздің мемлекетте тұратын халықтың арқасында қоржындары толып жүрген әлгі қалталы азаматтарымыз дәрілік заттарды былай қойғанда басқа елден мамандарды шақырып, әрқайсысы бір-бір аурухана салуға мүмкіндігі жетеді ғой. Болмағанда сол жандар неге тағы да арнайы қор ашпасқа? Сөйтіп, барлығы ашық болуы үшін ел алдында кім қанша көмектескені туралы ақпаратты неге жазбаймыз?
Халық білсін, ел көрсін. Азаматтардың елі үшін не істей алатындығын білейік.

Халықтың жағдайының төмендеп кеткендігін мен өзіміздің университет қызметкерлеріне қарап ақ бағамдап отырмын. Ұстаздарды айтпағанда қарапайым жұмысшылардың жағдайын тіпті мүшкіл деуге болады. Онсыз да төмен жалақы мынандай қымбатшылық уақытта олардың тұрмысы тіптен төмендеп кетті. Қызметкерлерімізді шама келгенше қолдап жатырмыз. Бірақ университеттің де жағдайы шектеулі.

Дәрі жоқ дейміз. Бірақ дәрілер болса да, оны сатып алатын қаражаты жоқ отандастарымыз өте көп. Оларға қай жағынан қолдау керектігін зерттеп тиісті жағдай жасалуы керек.
Сондықтан да бүгінгі алмағайып заманда ел Үкіметінің мүмкіндігі келмей жатқан кейбір тұстарына әлгі қалталы азаматтарымыз қол ұшын берсе жағдай дәл бүгінгідей болмас еді".

Байланысты жаналықтар

Ішімдік – жамандықтың көзі

30.09.2020

Пандемия кезінде 743 мың адам жұмысқа орналасқан

18.08.2020

Солтүстікте ауыл мен көше аттары қазақыланады

14.01.2021

Коронавирус жұқтырған дәрігерлерге енді өтемақы төленбейді

21.10.2020

Министр Сұлтанов картоп іздеп көрші елдерге кетті

23.06.2021

Токио олимпиадасы кейінге шегерілмек

23.03.2020