Министр: Бұл жолы бірыңғай әлеуметтік төлем төленбейді

  • 14.07.2020
  • Malim Админ

Орталық коммуникациялар қызметінде берген онлайн брифингте Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан НҰРЫМБЕТОВ әлеуметтік төлемнің қалай іске асатынын айтты.

"Бұл жолы жұмысшылар үшін өтінішті жұмыс беруші береді. Өткендегі 42500 теңге беру тәжірбиесін қабылдаймыз. Қазірден бастап, жұмыс берушілер өздерінің  ақысыз демалысқа жіберген қызметкерлерінің тізімін жасай берсе, жеке куәліктерін, банк есептерін жинастырғандары дұрыс болады.

Екіншіден жеке кәсіпкерлер. Олар да өтінішін береді. Олардан да жарналарының төленуін талап етпейміз. Өйткені жылына бір рет төлейтіндер бар, тоқтап тұрғандары бар. Бір ғана тексеріс болады. Кәсіпкердің тұрақты жеріндегі «Атамекен» палатасының филалдары ол кәсіпкерлердің жұмысы жүріп жатыр ма тексеріп береді. Салық комитеті де тексереді. Өйткені төтенше жағдай кезінде әлеуметтік төлем алыпр, бірақ салық та төлеген кәсіпкерлер болған. Өкінішке орай, біз ол кезде бәрін анықтай алмадық.

Үшінші өз бетінше жұмыспен қамтамасыз етіліп жүрген азаматар. Өткенде бәрі бірыңғай әлеуметтік төлем төледі. Бұл жолы бірыңғай әлеуметтік төлем төленбейді. Өтініштерді тастайсыздар. БӘТ ай сайын төлеп жүргендерге сұрақ жоқ. Ал бір рет қана төлегендерді тағы тексереміз.

Қандай порталдар жұмыс істейді? EGOV, enbek.kz, Telegram боттар бұрынғыдай қабылдайды. Олар жұма күннен бастап істейді. Каспий банк пен Халық банк өтініш берді. Оларды да қоссақ деп отырмыз. Ол жөнінде бейсенбі айтамын.

Жаңадан өтініш алмай, төлей салуға болмай ма? Жоқ болмайды. Әр аймақта әртүрлі. Бір адамдар төтенше жағдай кезінде жұмыс істемей, қазір істеуі мүмкін. Керісінші бұрын істеп, қазір істемеуі мүмкін. Сондықтан жаңадан өтініш берген дұрыс.

Ал кейбір азаматтарға өтінішсіз тағайындау болуы мүмкін. Белігіленген азаматтарға хабар жібереміз. Олар жағдайы бұроынғыша қалғанын растаса, оларға өтінішсіз-ақ төлей береміз"

Байланысты жаналықтар

Қайрат Жолдыбай: Сауап алу күнәға айналып кетіп жатыр (видео үндеу)

18.07.2020

«Қатты ойланып» келе жатқан Ахметовті Тоқсейітов ауруханаға апарды

21.04.2021

Ұлттық қордың түбі көрінді. Енді қайттік?

03.09.2020

Сенім мен махаббаттың құрбаны

11.02.2020

Біртановтың "Б" жоспары күл-талқан болды

21.06.2020

Cоғыстан қайтқан сормаңдай тағдырлар

09.05.2021