Алматы облысында санитарлық пост қойылды

  • 15.07.2020
  • Берік Жанатханұлы

Алматы облысына қарасты Текелі қаласының кіре берісіне санитарлық пост қойылды. Оған себеп қалада санитарлық талаптар қатаң бұзылған. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ сайтының өңірдегі тілшісі хабарлайды.

Бүгін таңғы 7.00 де сайт тілшісі санитарлық бекеттің ашылуына арнайы барған болатын. Алайда, көліктерді химиялық залалсыздандыру құрылғысын көрмедік. Одан бөлек қашықтықтан дене қызуын өлшейтін құрылғыларымен тұрған медицина саласының қызметкерлері емес, жастар РЕСУРСТЫҚ орталығының мамандарын көрдік. Яғни өздерін еріктіміз деп таныстырған әкімдіктегі жас мамандарды көрдік.

Қазір Текелі республика бойынша санитарлық пост қойылған жалғыз қала. Қала әкімі Бақтияр ӨНЕРБАЕВ пен қалалық аурухананың бас дәрігері облыс басшысының сынына ұшыраған. Енді Амандық БАТАЛОВТЫҢ шешімімен бекет 10 күнге қойылды. Мамандар қалаға кірген-шыққандарды тәулік бойы қадағалайтын болады.

Бақтияр Өнербаев бастаған жергіілкті шенеуніктер санитарлық талапты сақтай алмаған. COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 151 адамға жеткен. Оның 15-і емделіп шықса, 41 адам ем-жом алып жатыр. Әкімнің айтуынша, коронавирусқа шалдыққандардың 115 симптомсыз екен. Ал індет жұқтырғандармен қарым-қатынасқа түскендер саны 190 адам. Олар қазір оқшауланыпты. Және дәрігерлердің бақылауында екен.

«Аурухана провизорлық госпитальға айналды. 135 төсегі бар. 10 орын резервте тұр. 95 пайызға жабдықталған. Текелі тартымды қала. Тауға табиғат аясына адамдар көптеп демалуға келеді. Сондықтан қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатырмыз», - дейді қала әкімі Өнербаев.

Қала бойынша жаппай заласыздандыру жұмыстары қолға алынған.

Фотолар автордікі.

Байланысты жаналықтар

А. Мұхамедиұлы: қызымда базар, енемде қонақүй, әйелімде компания, баламда колледж бар...

23.04.2021

Қырғыз депутаттары екі айлық жалақыларынан бас тартты

16.04.2020

Алматыда қоғам белсенділері ұсталып жатыр

01.03.2020

Кредитті жеңілдетудің жолы қайсы?

12.11.2020

Қытай Қазақстанға медицина қызметкерлерін көмекке жіберіп жатыр

07.04.2020

Қазақстандық QazVac (QazCovid-in) вакцинасы қалай әзірленді?

28.04.2021