"Аймағамбетовтің орынбасары ақша жымқырды деген күдікке ілінді"

Malim Админ

  • 22.07.2020

ҚазТАГ ақпарат агентігінің хабарлауынша, білім және ғылым министрінің орынбасары 5 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінген. Мұны ҚазТАГ-қа құпия ақпарат көзі хабарлаған.

"Білім және ғылым вице-министрі 5 миллиард теңге жымқырды деген күдікке ілінді. Оған айып тағылды", - дейді агенттіктің құпия ақпарат көзі.

Ақпарат көзі А.Аймағамбетовтің төрт орынбасарының қайсысы күдікке ілінгенін айтпады.

Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі әзірге бұл туралы ресми ақпарат таратпады.

21 шілде күні жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев цифрлы даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен білім және ғылым министрлігіндегі жоғарғы шенді шенеуніктердің үстінен екі қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген. Алайда олардың аты-жөндерін ашып айтпады.

Байланысты жаналықтар

Павлодар облысында мемлекеттік қызметкер парамен ұсталды

27.03.2024

Ұлытау облысында Мәдениет басқармасының басшысы 6 жылға сотталды

13.03.2024

Шымкентте бюджет қаражатын жымқырған бапкерлер сотталды

12.03.2024

Бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі не үшін ұсталғаны белгілі болды

06.03.2024

Мырзахметовтің ісі бойынша сот процесі басталды

22.01.2024

Оралда "аса қауіпті аурулар" 55 млн теңгені жеп қойған 

16.10.2023
MalimBlocks
Павлодар облысында мемлекеттік қызметкер парамен ұсталды

Павлодар облысында мемлекеттік қызметкер парамен ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz. 

Ұлытау облысында Мәдениет басқармасының басшысы 6 жылға сотталды

Ол мердігер ұйым өкілімен сөз байласып, 2 млн теңге көлемінде пара алған.

Шымкентте бюджет қаражатын жымқырған бапкерлер сотталды

Жаттықтырушылар 6 млн теңгеден астам қаржыны жымқырғаны анықталды.

Бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі не үшін ұсталғаны белгілі болды

Ерлан Қожағапанов ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінген.

Мырзахметовтің ісі бойынша сот процесі басталды

“Атамекен” ұлтттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметовтің ісіне қатысты сот отырысы басталды. Бұл істі қарап жатқан прокурор Бауыржан Шекенов сотты жабық режимде өткізуге өтініш берген.

Оралда "аса қауіпті аурулар" 55 млн теңгені жеп қойған 

Орал қаласындағы Жәңгір хан атындағы аграрлық-техникалық университетінің ғылыми қызметкерлерінің үстінен қаржы жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Бұл туралы Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай мәлімдеді.