Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Перизат Қайрат ісі прокуратураға жолданады

Құқық
Перизат Қайрат ісі прокуратураға жолданады

Перизат Қайрат басқарған BizBirgemiz Qazaqstan қайырымдылық қоры төңірегіндегі қылмыстық іске қатысты жаңа мәліметтер жарияланды. Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Астанада өткен ғылыми конференциядан кейін журналистердің сауалдарына жауап бергенде мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz  Ulysmedia-ға сілтеме жасап. 

Жеңіс Елемесовтің айтуынша, жәбірленушілердің нақты саны белгісіз, себебі олардың саны өте көп.

Іс аяқталды, танысу процесі де бітті. Қазір іс бойынша өтініштер алынып, оларға жауап беру рәсімі жүріп жатыр. Жақын күндері істі прокуратураға жолдаймыз, – деді ол.

Оның айтуынша, бұл істе екі адам күдікті ретінде тіркелген.

Зардап шеккендердің саны өте көп. Алдын ала есеп бойынша келтірілген шығын көлемі – 3,5 миллиард теңге, – деді агенттік өкілі.

Волонтер Перизат Қайрат «Көмекке жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырған» деген күдікпен ұсталып, тергеуге ілінген болатын.

 

Коллаж: Kazinform 


 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу