Министр «екеудің орнына бір реттеу» қағидасын ұсынды

Malim Админ

  • 01.07.2020

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов соңғы кездері жиі айтылып жүрген бизнеске жүргізілетін тексерустерді азайту, кәсіпкерлерге заңдық аталаптарды азайту, жұмысқа кедергі келтірмеу, қағазбастылықтан арылу және мемлекеттен берілетін қолдауларға (қаржылық қолдаулар) жылдам қол жеткізуді қамтамасыз ету жайлы айтқарылып жатқан жоспарларымен бөлісті.

Үкіметтің отырысында көлеңкелі экономиканы төмендету бойынша жүргізіліп жатқан шаруаларға тоқталған министр, экономиканың өсуіне бұл саланың бақыланбайтын бөлігін рәсімдеумен қатар бизнеске деген тексерістерді азайтудың да үлкен роль атқаратынын айтты. Рас, министр айтпақшы, «бақыланбайтын экономика деңгейі неғұрлым төмен болса, экономикалық өсу соғұрлым жоғары болады». Дегенмен, бұл жерде бір нәрсені ескеру қажет. Экономиканы бақылау шағын және орта бизнесті, жалпы кәсіпкерлерді жөнсіз тексерумен өлшенбейді. Әрине, бетімен жіберуге болмайды, дегенмен, кәсіпкерлердің діңкесін құртатын тексерістер мен бітпейтін талаптардан қорғамай тағы болмайды. Демек, екі тізгін, бір шылбырды тең ұстап, екі тарапқа да оңтайлы жол таппақ ләзім. Қазір цифрлы технологияның дамыған уақытында тексеруді автоматтандыру, яғни, диагностикалау мәселесі жолға қойылуға тиіс. Министр үкімет отырысында бизнесті тексеру мен жауапқа тартудың орнына, осы диагностика енгізу мәселесін ұсынды.

«Артық талаптарды азайту үшін кәсіпкерлер мен бизнес қауымдастықтардың шағымдары бойынша мемлекеттік органдардың тиімсіз актілерін жою немесе тоқтата тұру тетігін енгізу ұсынылады. Яғни, бизнеске кедергі келтіретін шешімдер тез жойылып, түзетілуі мүмкін. Бұған қолданыстағы екеуінің орнына жаңа реттеу құралын енгізу кіреді. Бұл бизнеске ауыртпалықты азайтады. Лицензиялар мен рұқсаттарды оңтайландыру жоспарлануда», - деді министр Дәленов.

Жалпы, соңғы бір-екі жылдың көлемінде бизнесті тексеру мен оларға қойылатын талаптар әжептәуір азая бастағанын айта кету керек. Мәселен, кәсіпкер бизнесін заңды түрде тіркегеннен кейін алғашқы жылы болатын жоспарлы тексеріс алынып тасталды. Бұл, өз кезегінде, жұмысын енді бастаған, әлі де айналымға толық келіп үлгермеген кәсіпкердің кәсібін жолға қойып алғанға дейін берілген мүмкіндік деп қарастыру керек. Келер жылғы тексеру де баяғыдай емес, жеңілдетілген талаптармен жүргізілмек. Егер кәсіпкердің қандай да бір заң бұзғаны анықталса, оған бірден айыппұл салынбай, ескерту беріледі. Яғни, бұрын бірден айыппұл салынса, енді бұл шешім ескертумен алмастырылып отыр. Бұл да кәсіпкерді ынталандырудың бір жолы ретінде есептелуге тиіс. Бұдан бөлек, кәсіпкерлердің өздеріне де бірқатар құқықтар берілген. Егер, оларды заңсыз, жөнсіз тексеру жүргізілсе, құзырлы орындар оларды тексергендердің өздерін жауапқа тартады, яғни, бизнесті орынсыз тексеруге тыйым салынған.

Бұдан бөлек, шағын және орта бизнес өкілдеріне бизнесін тіркеу үшін төлейтін жарна, мөр қою талабы,  жаңа құрылыс нысандарын тіркеу үшін берілетін техникалық төлқұжат алынып тасталды. Енді міне, жоспарлы тексерулердің баламасы ретінде кәсіпорындарды диагностикалауға көшу мәселесі сөз болып отыр. «Кәсіпорын диагностикасы» жоспарлы тексерістің орнын басып қана қоймайды, ондай тексерісдің санын азайтады.

«Мұндай бизнесті диагностикалау есеп берушіліксіз жүзеге асырылады және жоспарлы тексерістерді азайтады. Қызметтерді цифрландыру аясында бизнеске барлық қызметтерді электронды түрде толық қамту ұсынылады. Кәсіпкерлікті қаржыландырудың қол жетімділігін арттыру және мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру бойынша жұмыс жалғасады. Жалпы, жоғарыда аталған барлық шаралар бейресми экономика деңгейін 2025 жылға дейін 20 процентке дейін төмендетуге бағытталған. Бұл көрсеткіш Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында бекітілген. Жарияланған шаралардың орындалуы экономиканың тұрақтылығына, теңгерімді бюджетке және бизнестің бәсекеге қабілеттілігіне оң әсер етеді»», - деп қорытындылады сөзін Руслан Даленов.

Қысқасы, Дәленовтің айтуынша, Алдағы уақытта бизнеске байланысты жүргізілетін барлық қызметтерді электронды түрде толықтай қамту мәселесі жолға қойылмақ. Әрине, мұның барлығы кәсіпкерлерді ынталандырыуға және жаппай кәсіппен айналысуға оң әсерін тигізетінін алға тартуға болады. Министр ұсынған қағиданың өзі тексерістің екі есеге азаятынын айтады. Бірақ, басты мәселе, тексерістің қалай жүргізілетінінде екенін де ұмытпау керек. Қызметтер автоматтандырылған, электронды түрде жүргізілсе, кәсіпкерліктегі сыбайлас-жемқорлықтың да жолы жабылар еді...

Байланысты жаналықтар

«Қоқысты таудай қылып үйіп қою үйреншікті жағдайға айналды»: Премьер-Министр қайта өңдеу саласын сынға алды

12.03.2024

К 2037 году Узбекистан может обойти Казахстан по размеру экономики – эксперты

26.02.2024

Қазақстан жалпы ішкі өнім бойынша Орта Азия және ТМД елдері арасында көш бастады

26.12.2023

Облыстардың аймақтық дамуында серпіліс зор

23.10.2023

«Не понял вопрос» - Кайрат Торебаев о проблемах экспорта

25.09.2023

Қазақстанға жаңа инвестиция көздері қажет - Тоқаев

27.06.2022
MalimBlocks
«Қоқысты таудай қылып үйіп қою үйреншікті жағдайға айналды»: Премьер-Министр қайта өңдеу саласын сынға алды

К 2037 году Узбекистан может обойти Казахстан по размеру экономики – эксперты

Через 13 лет Узбекистан может обойти Казахстан по размеру экономики, считает экономист Рахимбек Абдрахманов.

Қазақстан жалпы ішкі өнім бойынша Орта Азия және ТМД елдері арасында көш бастады

Облыстардың аймақтық дамуында серпіліс зор

«Не понял вопрос» - Кайрат Торебаев о проблемах экспорта

В понедельник, 25 сентября, вице-министр торговли и интеграции Кайрат Торебаев хотел похвастаться перед журналистами о создании на базе компании KazakhExport «института продвижения экспорта».

Қазақстанға жаңа инвестиция көздері қажет - Тоқаев

Бүгін елордада өткен «Астана» халықаралық қаржы форумында президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел экономикасына қатысты маңызды тақырыптарды талқылады.