Әбдірайымов Баталовқа қабылданбаған ғимаратты ашқызыпты

Malim Админ

  • 23.07.2020

Талдықорған қаласы әкімдігі салуға енді тендер жариялаған «Antikor» орталығына байланысты түсініктеме берді. МӘЛІМ КЗ сайты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жанынан ашылған орталықтың әлдеқашан ашылғанын бұған дейін жазған еді.

Оқи отырыңыздар: Баталов ашып тастаған орталыққа Әбдірайымов тендер жариялады

Ғалымжан ӘБДІРАЙЫМОВ бастаған қала шенеуніктері өз жауаптарында ғимарат құрылысына жобалық-сметалық құжатты қандай компания әзірлегенін айтады. Және тендерді ұтып алған "АСК Ауыл құрылысы" ЖШС-гі жайлы баяндайды. Анатолий РЯБИНИН басқаратын компанияны мақтайды. Бірақ, Талдықорған әкімдігі «бой көтеріп қойған нысанға тендер ойнату қаншалықты заңды?» деген сұраққа мүлдем жауап бермейді. Дәл осы сауал көптің көкейінде. Сондай-ақ, әлеуметтік желіде де оқырмандарымыз осы сауалды көптеп қойған еді.

Қызығы,  елдегі заңсыздықпен күресетін Алик ШПЕКБАЕВ басқаратын ведомства өкілдері сол нысанның иелері. Олар бірінші кезекте осы мәселенің анық-қанығын анықтаулары керек емес пе?

«Ағымдағы жылы, 4 сәуірде, халыққа ғимараттың өзі салтанатты ашылусыз ұсынылды. Сол кезеңде ғимаратқа арнайы мақсаттағы техникалық жабдықтар орнатылмаған. Бүгінгі күні мердігер ұйыммен 164,036 млн.теңге сомасына шарт жасалды», - дейді Талдықорған әкімдігі.

Әкімдіктің халыққа салтанатсыз ашылуынсыз ұсынды деген сөзін қалай түсінуге болады? Ғимаратта арнайы техникалар болмаса облыс басшысы Амандық БАТАЛОВ пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облыстық департаментінің басшысы Ернар МАҚАЖАНОВ жай ғана құрылыс барысымен танысқан болып тұр ғой. Онда неге мемлекеттік «Егемен Қазақстан» газеті «Талдықорғанда антикор орталығы ашылды» деп жазады?

Жалпы, бұндай орталықтар президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын жүзеге асыру үшін, мемлекеттік органдардың халыққа ашықтығын көрсету үшін салына бастаған. Бұндай талдықорғандық тендердің жаңа түрі президент бастамасына жаңа серпін бермек түгілі керісінше күдік тудырмай ма?

Айтпақшы, 2020 жылдың мамыр айында Нұр-Сұлтан қаласындағы  «Antikor» орталығына ғимарат 3,3 млрд теңгеге сатып алынған. Сонда астана қаласының әкімдігі үш есе қымбат нысанды сатып алған еді. Қысқасы, «Antikor» орталықтарының былай ашылуы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің абыройына нұқсан келтіріп жатқаны да анық қой.

Талдықорғандық шенеуніктер «Бюджет қаражатын үнемдеу 37,5 млн. теңгені құрайды. Техникалық жабдықтардың монтажы жүргізілуде. Объектіні пайдалануға қабылдау актісіне әлі қол қойылмаған», - дейді тағы да өз жауаптарында. (Әкімдіктің толық жауабы)

Яғни әкім Әбдрайымов облыс басшысы Баталовқа қабылдау актісіне әлі қол қойылмаған нысанды ашқызған. Бірақ, салтанатсыз.

Негізі  тендердің бюджет ақшасын үнемдеу үшін ғана өткізілмейтінін де ескеру керек. Тендер ашық әрі әділетті һәм бастысы халықтың салығынан құралған бюджет қаражатын тиімді пайдалану үшін Мемлекеттік сатып алулар сайтына жарияланады емес пе?

Фото: zanmedia.kz

 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев үкімет туралы жарлыққа қол қойды

15.01.2021

Жемқор шенеуніктерге білезік тағады

21.09.2020

Абай шаңырағының тағылымы

15.10.2020

Тоқаев қызметінен босатты

20.07.2020

Ақтөбеде дәрігерлер митингіге шықты

10.04.2020

Назарбаевқа ассамблеяны өмір бойы басқару құқығы берілмек

24.06.2021
MalimBlocks
Тоқаев үкімет туралы жарлыққа қол қойды

Жемқор шенеуніктерге білезік тағады

Абай шаңырағының тағылымы

Тоқаев қызметінен босатты

Ақтөбеде дәрігерлер митингіге шықты

Назарбаевқа ассамблеяны өмір бойы басқару құқығы берілмек