Әкімдер кешірім сұрады...

Malim Админ

  • 24.07.2020

33 миллион халқы бар Өзбекстанда коронавирусқа қатысты ахуал бізден жақсырақ. 18 868 адам вирус жұқтырып, оның  10149-ы аурудан айығып, 102 адам қайтыс болған.

Дегенмен шілдеде Ташкентте де дәрі-дәрмек пен коронавирусқа анықтайтын тест тапшылығы байқалды. Дене қызуын басатын дәрілер 7-8 есе қымбаттап кетті. Президент Шавхат Мирзиеев Ташкент хакімі мен денсаулық сақтау министріне сөгіс жариялады. Эпидемиологиялық ахуалды бетімен жіберген Ташкент пен Ташкент облысы хакімдерін қатты сынап, астанадағы коронавирусқа қатысты ахуалды "масқара" деп бағалады. Бірақ Өзбекстанның аймақтарында коронавирус індетіне қатысты ахуал тұрақты, Мирзиеевтің айтуынша, бұл сол аймақтардағы хакімдердің еңбегі.

Міне, бүгін Ташкенттегі 11 аудан хәкімдерінің әрқайсысы «Оилавий» телеарнасында тікелей эфирге шығып, коронавируспен күресте жеткілікті дәрежеде іс-шараларды қолға алмағаны үшін халықтан кешірім сұрады.

"Коронавирусқа қарсы күресте барлық жұмысты дер кезінде іске асыра алмағанымыз үшін індеттің таралуына әкеп соқтырды, кей отбасылар жақындарынан айырылды.  Біз аудан әкімшілігі атынан іс-шараларды дер кезінде жасамағанымыз үшін  тұрғындардан кешірім сұраймыз", - деді Сергелі ауданының хакімі Бахтиер Шамұратов өз мәлімдемесінде.

Аудан хакімдері коронавирусты тежеу үшін қандай іс-шараларды қолға алып жатқанын тізді. Олардың айтуынша, әр отбасы емханасының жанынан барлық құрал-жабдықпен қамтылған COVID-19 орталықтары ашылды. Барлық аудан үш айға жететін дәрі-дәрмек пен азық-түлікпен қамтылды. Әр емханаға қосымша 2-3 жедел жәрдем көлігі берілді, емханалар тәулігіне 24 сағат жұмыс істейді.

Телеарнадан мәлімдеме жасаған хакімнің әрқайсысы  халыққа өздерінің телефон нөмірін хабарлады.

Ташкентте індет асқынды демесеңіз, өңірлердегі ахуал тұрақты. Қызығы, пандемияға қарамастан Өзбекстан туристерді елге келуге шақырып жатыр. Егер турист Өзбекстанға келіп, вирус жұқтырып алса, үкімет оған 3 мың доллар көлемінде өтемақы төлеп береді. Өзбекстан президенті Шавхат Мирзиеев қол қойған "Қатаң санитарлық-эпидемиоогиялық режимнің күшейтілген талаптарын сақтай отырып туризмді дамытудың қосымша шаралары" атты қаулыда осы мүмкіндік қарастырылған.

Өзбекстанда әкімдер кінәсін мойындап, халықтан кешірім сұрап жатса, Қазақстанда әкімдер жауапкершілікті мойнына алудың орнына халықтың өзін кінәлайды. Жақында Алматы қаласы әкімі Б.Сағынтаевтың орынбасары Сапарбек Тұяқбаев парацетамол мен аспирин жоқ деген жұрт хайп қуып жүр деп мәлімдеген.

 

Байланысты жаналықтар

Наурыз-2024: Астанада бір тоннадан астам палау әзірленді

22.03.2024

Аспанды жол еткен әкімдер жерге қашан түседі?

19.08.2023

Түрмедегі Гүлнараның шетелдегі үш үйі тәркіленді

09.08.2023

Мирзеевке арналған Конституция...  Францияда күнде ереуіл    

02.05.2023

Өзбекстанның 17 мың шенеунігі жұмыссыз қалмақ 

26.01.2023

Саясаттанушы:  «Әкімдер партияның дербес болуына мүмкіндік берсін» 

22.08.2022
MalimBlocks
Наурыз-2024: Астанада бір тоннадан астам палау әзірленді

Аспанды жол еткен әкімдер жерге қашан түседі?

Кесене артындағы дәретханадан, үйіліп жатқан қоқыстардан... ұяттан кірерге жер таппадық

Түрмедегі Гүлнараның шетелдегі үш үйі тәркіленді

Гүлнара Каримованың Лондондағы ең қымбат аудан болып саналатын Белгравиядағы екі пәтері және Суррей графтығындағы зәулім сарайы тәркіленді.

Мирзеевке арналған Конституция...  Францияда күнде ереуіл    

Ол Ислам Кәрімов секілді 26 жыл Президент болғалы тұр

Өзбекстанның 17 мың шенеунігі жұмыссыз қалмақ 

Өзбекстан президенті әкімшілік реформалар енгізуді ұсынған

Саясаттанушы:  «Әкімдер партияның дербес болуына мүмкіндік берсін» 

Қай кезде де халықтың арасынан табылуға тиіс