Құрбан айтта полиция мал іздемек...

  • 29.07.2020
  • Malim Админ

Алматы қаласында құрбан айт мерекесінде 14 полиция бекеті жұмыс істейді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 23 шілдедегі № 53 қаулысына сәйкес Алматыға кіре берісте қалаға жануарлардың әкелінуінің алдын алу және жолын кесу үшін бекеттер ұйымдастырылды.

– Көлік, оның ішінде жануарларды тасымалдауы мүмкін болатын жүк көліктері тоқтатылатын болады. Осыған байланысты біз азаматтарды саналы болуға, заңға бағынуға және ең алдымен коронавирустық инфекцияны азайтуға бағытталған талаптарды қатаң сақтауға шақырамыз. Алдында құрбандық шалудың нақты алгоритмі жарияланған болатын және жаһандық пандемия жағдайында оны ұстанған дұрыс, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Байланысты жаналықтар

Министрлік алдында түнеп жатқан аналарды полиция күштеп алып кетті

10.06.2020

Азаматтық қоғам шындала түседі

30.04.2020

«Енді қытай вакцинасын саламыз»

01.06.2021

«7-20-25» бағдарламасымен үй алушылар 16 мыңға жетті

10.03.2020

Демалыста карантин күшейтіледі

21.08.2020

Даниал Ахметов, шық!

29.04.2021