Қызылордада коронавирусты емдейтін емші шықты

Абай Нұржанұлы

  • 29.07.2020

Қызылорда қаласында емші Кенжебай ТОҒЫЗБАЕВТЫҢ  адамдарды бір минутта коронавирус пен пневмониядан емдеп жатырмын деген бейнежазбасы әлеуметтік желіні шарлап кетті.  Емшінің емдеу процесі адам шошытарлық. Тарап жатқан жазбаларда Кенжебай Тоғызбаев науқастарды жатқызып қойып,  үстеріне аяқпен шығып алады. Дертті дәрісіз жазамын деген азамат тіпті өзіне қасиет дарығанын айтады.

«Карантин деген қырылу үшін жариялады. Ал мен адамдардың тірі қалуы үшін жұмыс істеп жатырмын», - дейді қызылордалық емші МӘЛІМ КЗ сайтының өңірдегі тілшісіне.

МӘЛІМ КЗ сайтының тілшісі Кенжебай Тоғызбаевтың үйіне барып көрді. Онда емшіден жәрдем сұраған жандар еліміздің әр түкпірінен келіпті. Бір қызығы, ем іздеп келгендердің бірі де медициналық маска тақпаған. Ал бұрын инженер-механик болып жұмыс істеген, медициналық мүлде білімі жоқ 70 жастағы Кенжебай әлемді әбігерге түсірген індетті үйінде отырып,  оп-оңай аяғымен-ақ емдеп жіберіп жатыр екен.

«Кешенің өзінде 200-дей адам келді. Оның барлығын біз қысқа мерзімде ғана өтіп кетеміз. Медицинаның көқарасымен біздің көзқарасымыз сәйкес келмейді», - дейді емші.

Емшінің сөзінше ол қазір күніне 100 шақты тұрғынға ем-дом жасайды. Тіпті бір күнде вирус жұқтырған 500-600 адамды аяғынан тұрғыза аламын дейді. Адамды өмір бойы ауырмайтындай етемін деп кепілдік те береді.

Ал дәрігерлер  кейбір тұрғындар ауруына емді емшіден іздеп дертін одан сайын ушықтырып алатыны анық  дейді.

«Халықтың арасында ертеден келе жатқан наным-сенімдер бар. Халық емшісіне деген сенім де жоқ емес. Бірақ қазір мұндай емшілерге барып ауруларын асқындырып келіп жатқандар бар. Коронавирусты емші емдей алмайды», - дейді Қызылорда қалалық ауруханасының дәрігері Руслан ТӨЛЕБАЕВ.

Бірақ сонда да өзін желіде жарнамалап жүрген емші Кенжебай ертеңнен бүкіл Қазақстанды аралап, коронавирусты аяқпен емдеп жеңбекші ниетте.

Фото автордікі.

МАТЕРИАЛДЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ. 

Байланысты жаналықтар

Гүлшара Әбдіхалықованы «ханның қызы» деген тұрғын ұсталды

07.03.2024

 «Сағындықтың 5 жасар қызы «әкемді кім атты?» деп сұрайды  

09.01.2023

Қызылордада қылмыстық топ мүшелері ұсталды

28.10.2022

25 млн теңге қаржы жымқырған.  Қызылордалық шенеуніктер сотталды   

11.10.2022

Соғыстан кейін Совет әскері қайыр тілеп кетті

09.05.2022

"Саяси тұтқын" Елшібаевтың жарақатпен ауруханаға түскені хабарланды

16.07.2021
MalimBlocks
Гүлшара Әбдіхалықованы «ханның қызы» деген тұрғын ұсталды

Әлеуметтік желіде тарап кеткен ақпарат расталды.

 «Сағындықтың 5 жасар қызы «әкемді кім атты?» деп сұрайды  

Не деп айтарымызды білмейміз

Қызылордада қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Қарапайым азаматтардан қорқытып ақша, мүлік тартып алған

25 млн теңге қаржы жымқырған.  Қызылордалық шенеуніктер сотталды   

Соғыстан кейін Совет әскері қайыр тілеп кетті

"Саяси тұтқын" Елшібаевтың жарақатпен ауруханаға түскені хабарланды