Қызылордада дәрігерлердің емінен соң екі жасар қыздың көзі көрмей қалған

Қызылордада дәрігерлердің емінен соң екі жасар қыздың көзі көрмей қалған

Сұлу Бөлек

  • 30.03.2025

Қызылордада дәрігерлердің емінен соң екі жасар қыздың көзі көрмей қалған, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі.

Ата-анасы бұған екі жыл бойы дертін таппаса да, бүлдіршінге түрлі дәрі-дәрмек берген ақ халаттыларды кінәлайды. Олардың айтуынша, медицина мамандары қызуы көтеріліп барған нәрестеге әу баста салғырт қарап, ауруын асқындырып жіберген. 

Екі жастан енді асқан Ая Исатайдың қазіргі жағдайы алаңдатады. Төсекке таңылған бүлдіршін өз еркімен жүріп-тұра алмайды. Тіпті өзге балалар секілді сөйлемейді. Өкініштісі, қос жанары мүлдем көрмей қалған.

Дүниеге сау келген нәресте екі аптадан кейін өзін жайсыз сезінген. Әжесі содан бері "немеремді алып бармаған жер, баспаған тауым қалмады" дейді. Оның айтуынша Қызылорда, Алматы, Астанадағы аурухана дәрігерлері бірнеше рет тексеріп, нақты диагнозын таппаған. Оның үстіне ағзаға кері әсері бар түрлі антибиотик берді деп отыр. Жақындары бүлдіршіннің қос жанарынан айырылып, қазіргі күйге түсуіне ақ халаттылардың біліксіздігі себеп болды деп санайды.

"Сау туған баланың бірінші КТ-сы оқылмай қалды, екінші дұрыс диагноз қойылмады. Барлық антибиотикті салғаннан баланың екі көзі көрмейді. Бұған дәрігерлер кінәлі. Қызылорда қаласының дәрігерлері КТ-ны түсіріп дер кезінде оқымаған. Әрі қарай ешқандай диагноз таппай, тексеріс жүргізбеген Астана мамандарының да кінәсі бар", – деді Ая Исатайдың әжесі Рая Мәмбетәлиева.

Қызылордалық дәрігерлер Ая Исатайға жақында сал ауруы деген диагноз қойыпты. Бүлдіршіннің миында ақау болған дейді. Бірақ дерттің қалай, неден асқынғанын әлі де дөп басып айта алмай отыр.

"Баланың анасының құрсағында жатқанында анасының түрлі ауруларына байланысты немесе баланың туылуы кезіндегі травмалық жағдайлардан болуы мүмкін. Одан бөлек кішкентай кезіндегі инфекциялық аурулары да бұл салдануға әкелуі мүмкін. Бала бізге 2 жас үш айдан асқанда келіп жатқан. Ол кезде салданғаны айқын көрініп тұрды", – деді Қызылорда облыстық көпсалалы балалар ауруханасының дәрігері Алтынай Жұмаділова.

Аяның ата-анасы ақ халаттылардың үстінен арыз жазбақ. Енді олар қызын Өзбекстандағы клиникаларға апарып жүр екен. 

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Елімізде бала туу көрсеткіші күрт төмендеген

14.05.2025

Алакөлден Бурабайға дейін: мемлекет балалардың жолақысын өтеп беретінін білесіз бе

09.05.2025

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

08.05.2025

Балаларының көзінше пышақтаған: әйелін өлтірді деген экс-полицейдің ісіне қатысты жаңа дерек айтылды

06.05.2025

Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті

04.05.2025

Оралда 9 жастағы баланы тоқ ұрды

01.05.2025
MalimBlocks
Елімізде бала туу көрсеткіші күрт төмендеген

Алакөлден Бурабайға дейін: мемлекет балалардың жолақысын өтеп беретінін білесіз бе

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

Балаларының көзінше пышақтаған: әйелін өлтірді деген экс-полицейдің ісіне қатысты жаңа дерек айтылды

Алматыда полицей балаларының көзінше әйелін пышақтап өлтірді

Атырауда 17 жастағы дзюдошы суға батып кетті

Оралда 9 жастағы баланы тоқ ұрды

Ол допты алу үшін электр станциясына шыққан