«Жайылымнан айырылсақ қалай күн көреміз?»

Берік Жанатханұлы

  • 31.07.2020

Алматы облысы Ақсу ауданы Алтынарық ауылының халқы жайылымсыз қалдық деп ашуланып отыр. 140 түтіні бар елді мекеннен өріп шығатын өрісті Агрохолдинг Ақсу ЖШС-гі жырта бастаған. Жұрт шу көтеріп техникаларды тоқтатыпты. Бұл туралы Алматы облысындағы МӘЛІМ КЗ сайтының тілшісі хабарлайды.

«Төрт түліктің өрісі ауылдан 10-20 метр жерде ғана. 40 гектар жерді бір фирмаға берген. Бұл жерді жыртып тастаса күн көріп отырған малымызды қайда жайямыз. Бұл жер мал өріске шығатын жер. Табын келгенше ауыл айналасында бұзау басқа да ұсақ мал жайылады. Мыналардың техникасын айғайлап жүріп тоқтаттық», - дейді Секен ТҰРЫМХАНҰЛЫ.

Ауыз азаматтарының айтуынша, аудан әкімі Есім БАЗАРХАНОВ журналистерге келгенде ел сөзіне құлақ аса бастапты. Оған дейін мүлдем басқаша сөйлеген еді дейді.

«Сіздер келмей тұрғанда жер жекеменшікке өтті. Бұзауларыңды қорада бағыңдар деген. Енді журанлистерді көре сала 100 градусқа өзгеріп кетті», - дейді тағы бір ауыл тұрғыны Татан ЖАНАРБЕК.

Аудан басшысы Есім Базархановтың айтуынша, 2012 жылы бұл 40 гектар жерді аталған компания заңды тұрғыда алған. Олармен келісім жүрмекші екен.

«Маған кеше бұқарадан шағым түскен. Аграхолдинг Ақсу ЖШС-нің біздің ауданда 335 гектар суғармалы жолы бар. Халық бұл жермен малымыз өріске шығады деп отыр. Біз бұл фирманың басшылығымен сөйлесіп жатырмыз. Басқа жерден 40 гектар жер тауып берсек дейміз», - дейді аудан әкімі Есім СЕЙІЛХАНҰЛЫ.

Фотолар автордікі. 

Байланысты жаналықтар

Балықшылар неге ұры боп жүр?

30.10.2020

Жол, мектеп, емхананы да өздері салатын ауыл

29.10.2020

720 млн бөлінген спорт кешені бітпей жатыр

27.10.2020

Алматы облысында праймериз өлген адам тірілтті

27.10.2020

«Бұл жерге жабысып қалғаным жоқ»

16.07.2020

Жаркент әжетханаға айналды

18.06.2020
MalimBlocks
Балықшылар неге ұры боп жүр?

Жол, мектеп, емхананы да өздері салатын ауыл

720 млн бөлінген спорт кешені бітпей жатыр

Алматы облысында праймериз өлген адам тірілтті

«Бұл жерге жабысып қалғаным жоқ»

Жаркент әжетханаға айналды