Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жетісу облысының Ақсу ауданында көпірді су шайып кетті

Оқиға
Жетісу облысының Ақсу ауданында көпірді су шайып кетті

Ақсу ауданында «Жансүгіров-Матай» автожолының 34-шақырымында су өткелінің тозуына байланысты темірбетон құбыры мен жол төсемінің бір бөлігі қирады.

Ақсу аудандық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, ТҮИ бөлімінің басшысы Мадияр Нұрахметов бұл ақпаратты растады.

Облыстық маңызы бар Ақсу-Ойтоған ауылдарының арасындағы автомобиль жолында орналасқан көпір күннің күрт жылынуы себепті, қар суы көпірді шайып кетті. Қазіргі уақытты тиісті жол қозғалысы шектелді, қалпына келтіру шаралары бойынша мамандар жұмыс істеуде, — деді ол.

Кейіннен аудандық бөлім басшысы жол қозғалысы қалпына келтірілгенін мәлім етті.

Ақсу-Ойтоған ауылдарының арасындағы жол қалпына келтірілді. Қазіргі таңда арнайы белгілер қойылып, кезекшілік ұйымдастырылды. Жол ашық. Құрметті жолаушылар аталған жол учаскесінде жылдамдықтың қатаң сақтауды сұраймыз, — деп ескертті Нұрахметов.

Фото: видеодан скриншот 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу