457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қарағанды облысындағы үш ауданда шегіртке жайылым мен шабындықты жайпап жатыр

Қарағанды облысының үш ауданында қара шегіртке қаптады. Зиянкестер жайылым мен шабындықты жайпап, жасыл желекті баудай түсіріп жатыр, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап. 

Алайда мамандар шегірткені жоюға асықпай отыр. Олардың айтуынша, алдымен таралу аумағын анықтауы керек. 

"Төрт күн бойы осы жерге техникаларын иірді де қойды. Күллі машина, бәленбай техника Аққайың деген жерде тұр. Енді неге ол жерге иіріп қойдыңыздар десем, "дәріні күттік, мердігер дәрі әкелген жоқ" дейді. Сонда бұл кісілер неменеге келген? Соғысқа оқсыз келген солдат сияқты.

Қаптаған зиянкес "Италия шегірткесі" деп аталады. Мамандар әзірге соны анықтаған. Жасыл желекке қырғидай тиген зиянкестер жан-жағын отап бара жатыр. Ауыл тұрғындары "бұлай жалғаса берсе, жайылымсыз қаламыз" деп шырылдайды. Мамандар шегіртке облыстағы Қарқаралы, Шет және Ақтоғай аудандарына тарап жатқанын растады. Олардың айтуынша, биыл 59 мың гектар жерді улаймыз деген жоспары бар екен. Оған 184 миллион теңге қарастырылыпты. 9 техинака, 2 жеңіл ұшақ пен 4 агродрон дайын делінді. Бірақ дәрілеу әзірге басталмаған.

"Алдымен шегірткенің таралу аумағын анықтап алуымыз керек" - деп отыр мамандар.

Фото: видео кадры