Елімізде 30 млн га жер эрозияға ұшыраған – Ауыл шаруашылығы министрлігі
Мемлекетке 3 жылда 12,1 млн гектар жер қайтарылған

Барлық мүдделі мемлекеттік органның үйлесімді жұмысының арқасында 3 жыл ішінде 9,5 млн га аумақта 4 731 жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Нәтижесінде 6,3 млн га аумақта заңбұзушылықтарды жоюға 3,5 мыңға жуық ұйғарым берілген. Бұл туралы Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Malim.kz.
Нәтижесінде мемлекеттік қорға 12,1 млн гектар жер қайтарылған. Оның ішінде 4,9 млн га жер қайта бөлінген: 1,9 млн га жалпы пайдаланымдағы жайылымдарға бөлінсе, 3 млн гектар жер пайдаланушыларға конкурстық негізде берілген.
Бұл шаралар жайылым тапшылығы жағдайын жақсартуға және бұрын пайдаланылмаған жерлерді айналымға енгізуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, жердің айтарлықтай бөлігі ауыл шаруашылығы айналымына қайтарылды. Осылайша, 2022 жылдан бастап жер пайдаланушылар 3,7 млн гектар аумақта жұмыс істей бастады, деді АШМ өкілі.
Оның сөзінше, әлі де жаңа міндеттер тұр. Бүгінде 30 млн га-ға жуық жерге деградация және басқа да жағымсыз процестер айтарлықтай зардап келтірген. Оның 5 млн гектарын су эрозиясы, 24 млн гектарын жел эрозиясы тоздырып жатыр. Сондай-ақ, 27 млн га-ға жуық қолданысқа жарамсыз жайылым анықталған.
Фото: ortcom.kz
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
