457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Араға 1000 жыл салып. Lemmon құйрықты жұлдызы жерге жақындайды

Мұндай құбылыс соңғы 1350 жылда алғаш рет болмақ

C/2025 A6 Lemmon кометасы 21 қазанда Жерге шамамен 90 млн км қашықтыққа дейін жақындайды. Егер ауа райы қолайлы, аспан ашық болса, оны анық көруге болады.


Дегенмен, бинокль немесе телескобыңызды сайлап қойғаныңыз дұрыс.

2025 жылдың қаңтарында ашылған C/2025 A6 (Lemmon) кометасы ай сайын анық көрініп келеді. Күнге жақындаған сайын жұлдыздың мұзы еріп, кома мен шлейф яғни құйрық түзіледі. Бұл процестер кометаны жарқырата түседі. Қазір оның жарықтығы шамамен 5,7 шамасында, бұл телескопты қолданбай, көзбен көруге ыңғайлы. 

21 қазанда комета Жердің қапталынан 90 миллион шақырымдай қашықтықта өтеді. Мұндай жанасу соңғы 1350 жылда алғаш рет болмақ. Егер ауа райы ашық болып, аспан қараңғы болса, оны оптикалық құрылғыларсыз да көруге болады. Бірақ тіпті жай бинокльдің өзі көруге қолайлы. Ол тұманды қабатты, шлейфті және жарықтық өзгерістерін байқауға мүмкіндік береді.

Құйрықты жұлдыз қазан айының ортасында Үлкен Аю шоқжұлдызындағы Хи жұлдызына жақын өтеді. Содан соң Гончие Псы шоқжұлдызындағы "Карл жүрегі" жұлдызына қарай ығысады. Ең жақын қашықтықта болған сәтте ол Волопас шоқжұлдызында, ал ай соңында Жылан шоқжұлдызында орналасады. Таң алдында және күн батқаннан кейін оны байқауға ең қолайлы бағыттар — солтүстік-шығыс пен солтүстік-батыс.

Ғалымдардың айтуынша, осындай бақылаулар аспан денелерінің қозғалысын түсінуге арналған теорияларды тексеруге көмектеседі.

Фото: skyandtelescope.org