457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

“Азаматтарға арналған үкімет“ қызметкері қомақты ақшаға жер телімін өз атына тіркеп алған

Алматыда "Азаматтарға арналған үкіметтің" бұрынғы қызметкеріне қатысты мемлекет меншігіндегі жер телімдерін алаяқтық жолмен иемдену дерегі бойынша айыптау үкімі шығарылды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Бұл қылмыстық істі ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті жүргізді.

Алматы әкімдігінің қаулысымен уақытша пайдалану құқығы негізінде "Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ-ға Жуков көшесі, 67-учаске (2,3 га) және Жамакаев көшесі, 77-учаске (6,3 га) мекенжайларында орналасқан жер телімдері 5 жыл мерзімге берілген.

Бұрын "Азаматтарға арналған үкімет" коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкері болып жұмыс істеген Әбдіжапаров жылжымайтын мүлікті тіркеу жүйесінің қалай жұмыс істейтінін біле отырып, уәкілетті органдарға жер телімдерін уақытша пайдаланудан бас тарту туралы жалған келісімдер мен жер телімдері жеке меншікке берілді деген жалған әкімдік қаулыларын тапсырған. Алайда іс жүзінде мұндай қаулылар әкімдік тарапынан шығарылмаған.

Осының нәтижесінде ол аталған жер телімдерін заңсыз түрде өзінің "Айша Групп" ЖШС-нің атына қайта тіркеген. Кейін бұл жер телімдерін үшінші тұлғаларға 1,3 миллиард теңгеге сатып жіберген.

Соттың санкциясы бойынша, нарықтық құны 13,6 миллиард теңге болатын жер телімдеріне тыйым салынды. Сот үкімімен Әбдіжапаров ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылып, оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

Жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды, олардың аумағында инновациялық хаб салу жоспарланған.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Фото: Видео кадры