Абай облысында биылдыққа жүзге жуық мал ұрлығы тіркелген
Жалпы шығын 218,8 млн теңге

Абай облысында мал ұрлығына қарсы күрес күшейтілді, 10 айда 18 адам ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz.
Облыс полициясының мәлімдеуінше, биылғы он айда Абай облысында 94 мал ұрлығы оқиғасы тіркелген. Оның 85%-ы еркін жайылымда болған, бұл ұрлық қаупін айтарлықтай арттырады. Ұрлық нәтижесінде жалпы шығын 218,8 млн теңгені құрап, оның 120,8 млн теңгесі өтелген.
Тергеу барысында мал ұрлығына қатысы бар 18 адам ұсталды, олардың 11-і 4 ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі. Облыс полициясы мал ұрлығына қарсы күресті белсенді түрде жалғастырып келеді, бұл жұмыс қатаң бақылауда, деп жазылған полиция мәлімдемесінде.
Полиция хабарлауынша, қылмыстардың негізгі себептерінің бірі – малдың еркін жайылымда қараусыз қалуы, бұл ұрлыққа жағдай жасайды.
Фото: скриншот
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Алматыда жүк көлігі 7 жасар қызды қағып кетті: автобус жүргізушісі жауапқа тартылды
Полицейлер Алматыда болған жол апатына қатысты автобус жүргізушісін жауапқа тартты. Жаяу жүргіншілер өткелінде қызды өткізбеген автобус жүргізушісі туралы сөз болып отыр. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді