Шаруалардың жерін киіктен қорғау үшін қоршау тұрғызылмақ - БҚО әкімі

Айтуынша, шаруалардың шабындығы мен жайылым жерлерін қорғаудың басқа жолы жоқ

Malim Админ

  • 12.11.2024

Шаруалардың жерін киіктен қорғау үшін қоршау тұрғызылмақ. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орталық коммуникациялар қызметінде Malim.kz тілшісінің сұрағына жауап берді.


Айтуынша, шаруалардың шабындығы мен жайылым жерлерін қорғаудың басқа жолы жоқ. Осы ретте республикалық бюджет арқылы субсидиялау көзделіп отыр. Ал, былтыр жайылымы мен шабындығын киік таптап кеткен шаруаларға ешқандай өтемақы төленбейтін көрінеді. Өйткені ондай ереже заңда көзделмеген. 

"Былтыр шаруа қожалықтары киіктерден зардап шекті. Мал азығын немесе жайылым жерлерді киіктер тапап кетті деген ақпаратқа сәйкес есептер шығарылды. Осы киіктерден зардап шегуіне байланысты шаруаларға өтемақы төлеу жөніндегі мәселе көтерілді. Осы мәселемен ауыл шаруашылығы министрлігімен арнайы жолықтық. Өңірге келіп, шаруа қожалықтарымен кездесті. Оларға өтемақы берілмейтіні түсіндірілді. Себебі оған арнайы ереже бекітілу керек. Сол жерде өтемақы төлеудің жолдары көрсетілу қажет. Биыл да бұл мәселе көтеріліп жатыр. Сондықтан болашақта ауыл шаруашылығы министрлігімен бірігіп сол шаруа қожалықтарының жерлерін қоршауға қатысты жұмыстарды жоспарлап жатырмыз. Яғни, республикалық бюджеттен субсидиялауды осы министрлікпен ақылдасып шешу жөнінде жұмыстар атқарылып жатыр. Қазір оған ереже дайындалуда. Сол ережеге сәйкес өздерінің егіс алқаптары мен жайылым жерлерін қоршайтын болады. Өтемақы төлеу туралы ешқандай қаржы бөлінген жоқ,-деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев. 

Фото: Ортком 

Байланысты жаналықтар

БҚО-да 700 науқас тегін берілетін дәрі-дәрмексіз қалды

01.04.2025

Киіктер қырылып жатыр: министрлік пікір білдірді

28.03.2025

Тергеу жүріп жатыр. БҚО-да құлаған дрон кімге тиесілі?

27.03.2025

Батыс Қазақстанда тағы да дрон құлады  

18.03.2025

Батыс Қазақстанда дрон құлады

19.02.2025

Елімізде 30 млн га жер эрозияға ұшыраған – Ауыл шаруашылығы министрлігі

27.01.2025
MalimBlocks
БҚО-да 700 науқас тегін берілетін дәрі-дәрмексіз қалды

Киіктер қырылып жатыр: министрлік пікір білдірді

Желіде Қарағанды және Ұлытау облыстарындағы киік ұшалары бейнеленген жазба тарап жатыр. Экология және табиғи ресурстар министрлігі бұл жағдайға қатысты пікір білдірді,

Тергеу жүріп жатыр. БҚО-да құлаған дрон кімге тиесілі?

БҚО-ның Жәнібек ауданында белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектері табылды. Бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр

Батыс Қазақстанда тағы да дрон құлады  

Батыс Қазақстанда дрон құлады

Елімізде 30 млн га жер эрозияға ұшыраған – Ауыл шаруашылығы министрлігі

Мемлекетке 3 жылда 12,1 млн гектар жер қайтарылған