Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Slider

Дәрігер министр Цойдың бастамасын геноцидке теңеді

malim Авторы: malim
31.07.2020
Токиодағы бала мүсіні. Сурет авторы: Карл Корт (Carl Court)/Getty Images)

Токиодағы бала мүсіні. Сурет авторы: Карл Корт (Carl Court)/Getty Images)

Share on FacebookShare on Twitter

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жаңа туылған нәрестелер мен кішкентай балалар түгел маска тағуы керек деп мәлімдеді. Ал дәрігер, АҚШ отбасы дәрігерлері қауымдастығының мүшесі Дмитрий Киреев екі жасқа толмаған сәбилерге маска тағуға болмайды, бұл геноцидпен бірдей дейді.

“Министрліктің бұл шешімі жанашырлықтан гөрі геноцидке ұқсас. Денсаулық сақтау министрі нәрестелерге дейін маска тағуға міндеттеді. АҚШ педиатрлар қауымдастығы 2 жасқа толмаған сәбилерге маска тағуға болмайды, олар тұншығып қалуы мүмкін деп, ата-аналардың оларға маска тағуына тыйым салды. 2 жасқа толмаған балаға маска таққан ата-анаға айыппұл салынады. Ал бізде керісінше балаға маска тақпаған ата-анаға 80 мың теңгеден астам айыппұл салынбақ. Денсаулық сақтау министрінің бұл шешімі жете ойластырылмаған, фактілерге сүйенбей қабылдай салған. Осының кесірінен балалардың тұншығып өлуі он есеге артуы мүмкін”, – дейді дәрігер Киреев Instagram-дағы парақшасында жариялаған видеоүндеуінде.

“Журналистердің нәрестелерге масканы қайдан алуға болады деген сұрағына премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов “дәріханадан” деді. Кеше жұмыстан кейін әдейі 4 дәріханаға кіріп шықтым. Ешқайсысында нәрестеге арналған маска жоқ. Әріптестерім үлкенірек балаларға маска сатылатынын айтты. Бірақ нәрестелерге, сәбилерге арналғаны жоқ екен. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой одан проблема тудырмай, сәбилерге масканы мәрліден жасаңдар деді. Немесе ересектерге арналған масканың рәзіңкесін қысқартып тағыңдар деді. Тағы қайталап айтамын, АҚШ-тың педиаторлар қауымдастығы және Ауруды қадағалау жөніндегі орталығы 2 жасқа толмаған сәбилерге маска тағуға тыйым салды. Өйткені балалар тұншығып қалуы мүмкін.  Денсаулық сақтау министрлігін бұл шешімді қайта қарауға шақырамын. 80 мың теңге айыппұл төлеуден қорыққан ата-ана сәбилерге жаппай маска таға бастауы мүмкін. Одан бала өлімі артуы ықтимал”, – деді дәрігер Киреев.

Расында да, ағылшынтілді ақпарат құралдарында 2 жасқа толмаған сәбилерге не себепті маска тағуға болмайтыны анық жазылған. Маска тым тар болса, сәби тыныс ала алмай қалады. 4-5 айлық нәрестелер ауыз арқылы дем ала алмайды. Сондықтан маска таққан кезде мұрын арқылы тыныс ала алмай қалған нәрестелер ауыз арқылы да дем ала алмай қалады. Сәби маска таққан күйі ұйықтап қалса, тұншығып, шетінеп кетуі мүмкін.

Tags: Алексей ЦойДмитрий Киреевкарантинкоронавирусмаскасіби

Ұқсас жазбалар

dw.com

Тойхана иелері: Табыстан айырылдық, жабылуға мәжбүрміз

Авторы: malim
19.01.2021
0

Елдегі шағын және орта кәсіп пандемиядан зардап шегіп, шығынға батты. Қатаң локдауннан кейін аяғынан тік тұра алмай қалған кей бизнес...

“Ауылда екі сиыр бағатын жер жоқ” (видео)

Авторы: Қанат Тілеухан
19.01.2021
0

Алматы облысына қарасты Қызылағаш ауылында жер дауы. Халық жайылым мен суармалы жерсіз қалғандарын айтады. Екі сиырды сауып ішер күнге зар...

Қазақтың Тайлағы киноға қалай келді?

Авторы: Бағашар Тұрсынбайұлы
19.01.2021
0

Бүгін дүниеден озған Әлімғазы Райымбековтің өнерге келуі де бір хикая. Ол әскерден келген соң ауылында трактор жүргізушісі болып қызмет істеген....

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Абай. Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы…

06.01.2021

“Борат” қазақты тағы мазақ ете ме?

25.08.2020

Ахметов Зайсандағы жұртты әрең тарқатты

20.02.2020

Мәминнің мырзалығы және 361 “халявщик”

27.04.2020

Митинг өтті дүркіреп

31.10.2020
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!