Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Саясат
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет
  • Руханият
    • Ертегі
  • Абай-175
Malim.kz
Malim.kz
Нәтиже жоқ
Барлығын көру
Басты бет Slider

Уағызшылар белден төмен әңгіме айтады

malim Авторы: malim
31.07.2020
Share on FacebookShare on Twitter

Түркиядағы ең танымал исламтанушы теологтар, том том кітап жазып, ТВ эфирінен уағыз айтып жүрген ең атақты уағызшылардың ауыздарынан еш тастамайтын екі тақырыбы бар, бірі әйел темасы, әйелдердің шашы ұзын ақылы қысқа екені, тозақ тұрғындарының басым бөлігі қатындар екені, әйелдердің шайтани азғыру қабілеті, әйелдерді сабауға болатыны, әйелдерге Нұр сүресін ғана үйретіп үй шаруасына салу керектігі туралы т.б. осыны бәрі де айта береді. Екінші тақырыптары белден төмен, еркектерге о дүниеде берілетін әжір сыйлық, жұмаққа барған еркектерге берілетін хор қыздары, олардың саны, категориялары, кімге қанша берілетіні, кәдуілгі ілімнің бір саласына айланып кеткен ғой хор қыздарын классификациялау. Міне, осы екі тақырыптан аса алмайды. Экология проблемаларына Ислам дінінің көзқарасы қандай екені туралы айтатын бір молда көрмейсің. Жұмысшылардың құқықтары туралы айтатын бір уағызшы көрмейсің. Хайуан құқықтары, әйел құқықтары, логиканы жетілдіру, сыни ойлау, азаматтардың еркіндіктері мен бостандықтары, ғылыми зерттеуге ынталандыру сияқты тақырыптар не жоқ немесе мүлде аз. Қысқасы, осы күнгі қоғамға қажетті замануи тақырыптарды ауызға алмайды молдекеңдер. Осы уағызшылардың ойлау деңгейі 15-ші ғасырда қатып қалған, одан аса алмайды. Өздері қоғамның ойлау деңгейіне жете алмаған соң қоғамды өздерінің деңгейіне түсіруге тырысады.  Бұл –  деградация. Сонсоң 1,000 жыл бұрынғы мұсылмандардан пәленбай пәленбай ғалымдар шыққан деген бос сөзді қою керек, шықса шыққан шығар сол кезде, ал біз әзір 21-ші ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Мың жыл бұрын анандай болғанбыз мынандай болғанбыз деп әншейін өзі бірдеңе бітіргендей сөйлейтіндерді түсінбеймін. Сол ғалымдар бізге бүгін керек! Бүгін шығару керек физиктер мен химиктерді, медиктер мен биологтарды! Бүгінгі мұсылмандар Ибн Синалар мен әл-Фарабилерді шығара алмай жатса, ойлану керек. Ойланудан қорықпаңдар шырақтарым!!!

Мұртаза БҰЛҰТАЙ

Жазба автордың рұқсатымен жарияланды.

Ұқсас жазбалар

“Аузына май”: Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелінің байлығы

Авторы: malim
05.03.2021
0

Әлеуметтік желіде бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының байлығы туралы белгісіз біреулер жасаған видео тарап, онда экс-министрдің отбасы қымбат...

Қытай Қазақстан аумағына зауыт салатын болды

Авторы: malim
04.03.2021
0

Қытай Қазақстан аумағына жалпы құны 24,5 миллиард доллар болатын 56 кәсіпорын салмақ. ҚР Сауда және индустрия министрлігінің ресми сайтында жарияланған...

Көлгіновтің кабинетіне барған аналарды полиция алып кетті

Авторы: malim
02.03.2021
0

Алтай Көлгіновтың кабинетіне барған төрт ананы полиция алып кетті. Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінде тоғыз күннен бері түнеп жатқан төрт ананы полиция...

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Фото: diapazon.kz

Жолдарды мақтайтын блогерлерге миллиондар бөлінбек

27.02.2021

«Саакашвилимен төңкеріс жасау үшін кездеспедік»

28.08.2020

Әлия Назарбаеваның қайырымдылығы жыл мезгілдері сияқты

14.09.2020

“Сталин қудалаған 100 мың адамды ұлықтауымыз керек!”

01.09.2020

9-шы ақпанды “Қазақ поэзиясының күні” деп атауды ұсынамын!

09.02.2021
  • Біз туралы
  • Жарнама
Байланыс: +7 702 109 72 25

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!

Нәтиже жоқ
Барлығын көру
  • Сараптама
  • Сұхбат
  • Білім және Ғылым
  • Әлеумет

© 2020 Malim.kz - Қоғамдық-саяси сайт! Туған күн тілек, құттықтау!