457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Трамп TikTok-тың АҚШ-тағы бөлімшесіне сатып алушы тапқанын мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп TikTok-тың америкалық бөлімшесіне сатып алушы тапқанын мәлімдеді. Бұл – «өте ауқатты адамдардан» құралған топ, деді ол жексенбі, 29 маусым күні Fox News телеарнасына берген сұхбатында.


Аталған адамдардың есімдерін Трамп атаған жоқ, бірақ оларды «шамамен екі апта ішінде» жариялауға уәде берді.

Трамптың айтуынша, бұл мәміле үшін Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің мақұлдауы қажет болуы мүмкін. «Ойлаймын, төраға Си, мүмкін, келісімін береді», – деді АҚШ президенті.

АҚШ TikTok-ты қытайлық концерннен бөлуді талап етеді
АҚШ билігі TikTok-тың иесі – қытайлық ByteDance концернінен бұл әлеуметтік желінің америкалық бөлімшесін сатуды талап етіп отыр. Себебі Вашингтон TikTok арқылы Бейжің америкалық пайдаланушылардың жеке деректеріне қол жеткізуі мүмкін деп алаңдайды. Бұл жөніндегі заңды Трамптың алдындағы президент, демократ Джо Байден қол қойған болатын.

Әлеуметтік желінің америкалық бөлімшесін сату үшін белгіленген соңғы мерзім – Трамптың инаугурациясынан бір күн бұрын, 19 қаңтарға дейін болған. Алайда қызметіне кіріскеннен кейін Трамп бұл мерзімді алдымен 5 сәуірге дейін, кейін тағы 75 күнге ұзартқан.  

Фото: pixabay