Дәрігер: Вирустан айыққандар індет салдарын екі ай тартуы мүмкін

Malim Админ

  • 06.08.2020

Күзде тұмау маусымы басталғанда, тұмауды коронавирустан қалай ажыратамын? Коронавирустан сақтанудың жолдары қандай? Коронавируспен ауырған адам оны екінші мәрте жұқтыруы мүмкін бе? Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында онлайн сұхбат берген Алматының дәрігер-инфекционисті Тамара Утағанова осы және басқа сұрақтарға жауап берді.

– Тұмауды коронавирус инфекциясынан қалай ажыратуға болады? Ауру белгілеріне қарай айыруға бола ма?

[caption id="attachment_6330" align="alignleft" width="800"] Тамара Утағанова, фото: fergana.ru[/caption]

– Расында да, коронавирус инфекциясының белгілері жедел респираторлық инфекциялардікіне ұқсас. Алайда жедел респираторлық вирустық инфекциялар кезінде мұрын бітіп, жөтел пайда болады, тамақ жыбырлап, температура көтеріледі. Бірақ адам өзін үш күннен кейін жақсы сезіне бастайды, интоксикация соншалықты қинамайды. Коронавирус инфекциясы кезінде температура тұмаудағы сияқты  бірінші күндерден бастап 38 градусқа дейін көтерілмейді. Қандай жағдай болмасын, дәрігерге қаралу керек. Алда күз,  жедел респираторлық инфекция маусымы басталады. Біз осы бастан тұмауға тексере бастаймыз. Бұл кезеңде тұмау белгілері бар әрбір адам коронавирус инфекциясын жұқтырған потенциалды науқас ретінде қарастырылады.

– Коронавирус инфекциясының белгілері балаларда болмайды деген қаншалықты рас?

– Балаларда коронавирус әлдеқайда жеңіл өтетіні рас, алайда бұл санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды ұстанбау керек деген сөз емес. Балаларға да карантинді қатаң ұстану керек.

– Ауруханаға ахуалы  ауыр және орташа науқастар жатқызылады. Симптомсыз және ауруы жеңіл науқастар үйде емделеді, оларды медицина қызметкерлері бақылайды. Адам коронавирустан айыққанын қалай біледі? Дәм, иіс сезу рецепторларының қайтып келуі сияқты негізгі белгілері бар ма?

– Ең алдымен интоксикация  (улану) белгілері  жоғалса және азайса әрі температура тұрақталуына қарап білуге болады. Аурудан айыққан адамда әлсіздік, тершеңдік, бастың сынып ауруы азаяды. Егер осындай белгілер байқалып, науқас өзін жақсы сезінсе, дәрігер ПТР тестен өтуге жібереді.  Коронавирустан айыққан адамда аздап тершеңдік болуы мүмкін. Иіс сезуге келсек, ол әркімде әртүрлі өтуі мүмкін. Үш күннен кейін, тіпті екі айдан кейін қалпына келуі мүмкін. Егер науқаста иіс сезбеу белгілері әлі де бар болса, ол айналасындағыларға қауіп төндіреді деген сөз емес.

– Коронавирус инфекциясынан айыққандардың ағзасында қандай да бір өзгерістер бола ма? Аурудың салдары қала ма?

– Организмнің шаршау, әлсіздік, ұйқысыздық түріндегі астенизациясы аурудан кейін де болады. Оның ұзақтығы барлық инфекциялық аурулар кезіндегідей екі аптадан екі айға дейін созылуы мүмкін. Науқастардың белі, бұлшықеттері ауруы мүмкін. Ауру асқынған кезде төсінің асты ауырып, жиі іш өтуі мүмкін. Сонымен қатар бел тұсы, бел төңірегіндегі бұлшықеттер ауырады. Бұл интоксикацияны науқастар ауыр өткереді. Бірақ бұл аурудың өту мерзімі емес, керісінше өршу кезеңі.

– Бұл дертті қайта жұқтыру мүмкін бе? Ауырып шыққан адамның біраз уақыттан кейін КОВИД-ті қайта жұқтырған жағдайлар болды ма?

–  Бізде инфекцияны қайта жұқтырып, қайтадан ауруханаға жатқызу жағдайлары болған жоқ. Ауырып шыққан науқастардың көбі иммундық ферментті анализ тапсырды, олардың бәрінде М және G класының  иммундық глобулиндері қалыптасып үлгерген. Меніңше, ауру белгілері жоқ адамдар басқаларға жұқтырмау үшін қалай болғанда да 14 күндік карантинге шыдағандары жөн.

Коронавирус инфекциясы кезінде оны жеңіл өткеруге көмектесетін, болмаса өкпенің қатты зақымдануының алдын алатын тыныс алу гимнастикасы бар ма?

– Тыныс алу гимнастикасын біз стационарда емдеу кезінде қолданамыз және науқастарға ауруханадан шыққаннан кейін де жасауды ұсынамыз. Науқастарға үнемі үлкен шарларды үрлеп, дөрекі тыныс алу гимнастикасын жасаудың қажеті жоқ екенін айтамыз. Адам бір әрекет жасағанда одан шаршап, қалжырамауы керек. Тыныс алу гимнастикасы коронавирус инфекциясын емдеуде көмектеседі дегенмен келісемін. Бірақ тыныс алу гимнастикасынан ауру жеңіл өтеді деп айта алмаймын. Ол ағзадағы вирустардың шоғырлануына, адамның қосалқы аурулары мен өкпенің қаншалықты зақымданғанына байланысты. Тіпті стационарда біз тыныс алу гимнастикасын абайлап жасауға нұсқау береміз. Кей жағдайларда  тыныс алу гимнастикасын жасауға болмайтын кездер болады.

Коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастардың бәріне компьютерлік томографиядан өту қажет пе? КТ-ны профилактикалық мақсатта жүргізсе, мұның  ағзаға қандай зияны бар?

– Компьютерлік томография - диагностикалық және профилактикалық әдіс емес. Сондықтан профилактика үшін оны жасаудың керегі жоқ. Бұл сәулелі диагностика, сәулелендіру қалай болғанда да болады. Бұл өмірге қауіпті емес, дегенмен оны ретсіз жасаудың қажеті жоқ. КТ-ны науқастарға коронавирус инфекциясының клиникалық белгілері болғанда жасайыз, бұл жөнінде хаттама да  бар. Біз КТ өкпенің зақымдану аумақтары бойынша бағдар жасап, одан кейін аурудың кезеңін анықтаймыз. Бірақ профилактика үшін оны жасаудың қажеті жоқ.

Әлеуметтік қашықтық сақтауға келсек, қоғамдық орындарда адамдардың топтасуы әлі де жалғасып жатқанын көріп жүрміз.

– Қашықтықты сақтау керек. Біз инфекцияны жұқтырғанда бірден ауырмаймыз. Инкубациялық кезең бар. Бұл кезеңде адам өзінің инфекция жұқтырғанын және басқаларға жұқтыруы мүмкін екенін білмейді. Біздің жанымызда, топтасқан адамдар арасында аурудың белгілері жоқ тасымалдаушысы болуы мүмкін, сол себепті қашықтықты ды маска режимі сияқты сақтау керек.

Осы дертпен ауырғанда тұрған ештеңе жоқ деп санайтын адамдар бар. Коронавирус инфекциясынан иммунитет пайда болады деп есептейтіндер де бар. Ауырған адамдарда иммунитет пайда бола ма?

– Коронавируспен ауырып, иммунитет қалыптастырған жөн деп ойлау дұрыс емес. Иммунитет пайда болады, бірақ адамдар ауырып шыққанды оңай деп ойлайды, алайда дерттен аман қалу жағы бар. Бізге жансақтау, қарқынды терапия бөліміне ауыр жағдайдағы науқастар келіп түскенде көбіне сауығу туралы емес, аман қалуы жайлы айтамыз. Сол себепті ауырып алған жөн деп тұжырымдау дұрыс емес. Ауру жеңіл өтіп, сіз иммунтет көтеріп алсаңыз жақсы. Алайда бәрі басқаша болуы да мүмкін.

Күз және қыс алдында тұмаудың алдын алу үшін қандай кеңестер берер едіңіз? Өзімізге витаминдер комплексін тағайындау қаншалықты дұрыс,  оның жанама әсері қалай болмақ?

– Қазір жаз кезі, жеміс-жидектер мен көкөністер көп. Сәйкесінше бұл дәрумендерді табиғи түрде алуға болады. Сол себепті арнайы  химиялық препараттарды  алмауға кеңес беремін.

–  Маскаларды қалай жойған дұрыс?

– Біз потенциалды таратушы болуымыз мүмкін, сол себепті маскаларды тағу арқылы біз өзімізді ғана емес, басқаларын да қорғаймыз. Маскаларды көшедегі қоқыс ыдыстарына, жақын маңда тұрған контейнерлерге тастамаған жөн, одан да үйде жойған дұрыс. Целлофан қапшықтарға салып, аузын буып тастау керек.

Дүкендерден,  базарлардан сатып алынған азық-түліктерді, көкөніс пен жемістерді қалай дұрыс өңдеп тазалау керек?

–  Сыртқы ортада вирус азық-түлікте де, қандай да бір заттардың бетінде де сақталуы мүмкін. Вирус сыртқы ортада 96 сағаттан кем емес уақыт өмір сүреді деп айтылған еді. Азық-түлік өнімдерін әдеттегідей жолмен тазалап өңдеу керек.

КВИ кезінде қандай препараттарға рұқсат етіледі? Қандай препараттарды дәрігердің нұсқауынсыз қолдануға болады және қандай дәрілерді пайдаланбаған жөн?

– Дәрігердің нұсқауынсыз тек көп мөлшерде су ішуге болады. Мен науқастардың өз бетінше емделуіне қарсымын. Өзін жайсыз сезініп, коронавирус белгілерін байқаған адам медициналық көмекке жүгінуі тиіс. Тіркелген орны бойынша өзінің дәрігеріне хабарласып, міндетті түрде кеңес алу қажет. Коронавирус инфекциясы кезінде антибиотиктер бірінші кезекте қабылданатын препараттар емес. Дәрігер антибиотикті егер  қосымша бактериалды инфекция  қосылған жағдайда жазып береді. Және науқастың ілеспелі ауруына антибактериалды әсер ету қажет болған жағдайда тағайындалады. Дәрігердің нұсқауынсыз антибиотиктерді сатып алмауға кеңес беремін. Бізге үйлерінде антибиотк алған, оның үстіне аралас антибиотиктер алған науқастар көп түсуде. Бір антибиотикті қабылдап жүріп, көмектеспегеннен кейін басқасына ауыстырғандар бар. Әрине, науқастар антибиотикті емделу үшін ішеді. Қала емханаларында коронавирус инфекциясын амбулаторлық деңгейде емдеудің хаттамалары жасалған. Сол себепті науқастар өзін-өзі емдемеген дұрыс.

Бактерияға қарсы және басқа да препараттарды қолдану кезінде адамда аллергиялық рекация туындауы мүмкін. Екіншіден, қажет емес жағдайда антибиотиктерді қолдану дисбиоз тудырады, бізге қажетті флораны өлтіре отырып, басқа бактериялардың көптеп бөлінуін тудырады. Антибиотиктерді қолдану арқылы организмді химиялап, иммунитетті түсіреміз.

– Коронавирус тұзды суда өледі деген қаншалықты рас?

– Коронавирус тұзды суда жойылады деген жай аңыздардың бірі. Ол барлық дезинфекциялық құралдарға, барлық антибиотиктерге сезімтал келеді. Беткі қабаттарды дұрыс дезинфекциялау, қолды дұрыс өңдеу, қолды дұрыс жуу - міне, осылар көмектеседі. Осы шараларды қолдану кезінде коронавирус жойылады.

 

 

 

Байланысты жаналықтар

Маска режимі қайта оралуы мүмкін  

30.06.2022

Денсаулық сақтау министрі жаңа болжамын жариялады

12.01.2022

Жақын күндері “омикрон” келеді деп күтіп отырмыз - Бабақұмаров

23.12.2021

Вакцина мен дақпырт: Сіз қайсысына сенесіз?

20.12.2021

Жағымды сценарий жүзеге асып жатыр - Цой

14.12.2021

Алматыда Pfizer вакцинасын ақылы түрде салдырғысы келетіндерді тіркеу басталды

05.12.2021
MalimBlocks
Маска режимі қайта оралуы мүмкін  

Ауру жұқтырғандар саны тәулігіне 100 адамға дейін жетіп отыр

Денсаулық сақтау министрі жаңа болжамын жариялады

Жақын күндері “омикрон” келеді деп күтіп отырмыз - Бабақұмаров

Вакцина мен дақпырт: Сіз қайсысына сенесіз?

Жағымды сценарий жүзеге асып жатыр - Цой

Алматыда Pfizer вакцинасын ақылы түрде салдырғысы келетіндерді тіркеу басталды