Қазақстан коммунистері ұлтшылдардан қауіптенеді

Malim Админ

  • 11.08.2020

Беларусьта наразылық шаралары өтіп жатқан тұста Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы бас прокуратураға ашық хат жолдап, елдегі ұлтшылдардың әрекетін тексеріп, оларға қарсы шара қолдануды талап етті. Коммунистердің ойынша, радикалды ұлтшылдарды бетімен жіберу ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіріп, Грузия мен Украинадағыдай түрлі түсті төңкеріске соқтыруы мүмкін.

Коммунистер не дейді?

Дамыған елдер коммунистердің қылмысын әшкерелеп, коммунистік идеология мен символикаға және коммунистік партияға тыйым салса, Қазақстандағы Коммунистік Халықтық партия парламенттің қақ төрінде емін-еркін жүр. Мәжілістен орын алған партияны қаржыландыруға биылдың өзінде бюджеттен 9 миллиардтан астам теңге жұмсалған. Осы күнге дейін қазаққа кесірі тиген коммунистердің қанқұйлы саясатын мойындап, кешірім сұрамаған Коммунистік халықтық партия енді ұлтшылдармен алысуға кірісіпті. Бас прокуратураға үндеу жолдаған коммунистер мәлімдемесін "Конституцияға сәйкес, ешкімді шығу тегі, жынысы, нәсілі, ұлты, жынысы, тілі, діни сенімі, тұрғылықты жері мен басқа себептерге байланысты кемсітуге болмайды"  деп бастайды. Бірақ "әлеуметтік желіде Қазақстан қоғамы үшін қауіпті ахуал қалыптасып жатыр" дейді коммунистер. "Радикалды ұлтшылдардың топтары қалыптасты, онда шовинистік мәлімдемелер талқыланып, бір ұлтты екінші ұлттан жоғары қойылады, Қазақстандағы проблемалар үшін сырттан көшіп келген басқа ұлттарға кінә артылады. Басқа ұлт өкілдеріне төзімсіздік пен өшпенділік байқалады. Сондай-ақ украиндық ұлтшылдар, олардың ықпалы мен Украинадағы оқиғалардың сценарийін қолдаған пікірлер айтылады. Ұлтшыл, фашистік символика мен атрибутика насихатталады" - делінген мәлімдемеде.

Радикалды ұлтшылдар осындай әрекеті үшін жазаланбай жатыр деген коммунистер "олардың әрекеті ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді, ал соғысқа құмартқан ұлтшылдардың өздерін қоғамның бөлінуіне жұмыс істейтін сыртқы ойыншылардың серіктестері ретінде қарастыру керек" дейді.

Қызығы, коммунистер Украина, Грузия мен Молдовадағы түрлі түсті төңкерістерді радикалды ұлтшылдар жасаған дейді де, аннексия мен басқыншылықтың артында Ресей тұрғанын мүлде айтпайды. "Тарих көрсеткендей, Украинада, Грузияда, Молдовада радикалды ұлтшылдардың пайда болуы, революцияның генераторы ретінде әрекет етуі, ел ішінде, көрші елдермен, серіктестермен, аумақтардың бір бөлігін жоғалтуға дейін қатаң қақтығысқа әкелері сөзсіз!" делінген коммунистердің мәлімдемесінде.

Осыған байланысты бас прокуратураға ашық хат жолдаған коммунистер ұлтшылдардың қызметіне жан-жақты талдау жүргізіп, кемсітушілікті, жеккөрушілікті қоздыру фактілері бойынша тиісті шаралар қабылдауды талап етеді.

Бұл мәлімдемені Коммунистік партия орталық комитетінің хатшысы, мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров, партияның орталық комитетінің хатшысы, депутат Жамбыл Ахметбеков пен партия мүшесі, мәжіліс депутаты Ирина Смирнова әлеуметтік желідегі парақшаларында бөліскен.

"Елде радикалды ұлтшылдар жоқ!"

Қоғам қайраткері, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Мұхтар Тайжан елде коммунистер айтып отырған "радикалды ұлтшылдар жоқ" дейді.

"Қазақстанда радикалды нацистер, скинхедтер жоқ. Нацизмге өз басым қарсымын, адамдарды ұлт үшін қудалау – үлкен қиянат. Ал бірақ әр мемлекетте ұлтшыл деген сенім болуы керек. Ұлтшылдық болмаса, ұлттық мемлекет те болмайды. Ұлтшылдық деген патриоттық сезім, ол өз ұлтыңды, Отаныңды сүю деген сөз", – дейді ол.

Коммунистердің Грузия мен Украинадағы түрлі түсті төңкерістердің бастауында ұлтшылдар тұр дегеніне келсек, М.Тайжан сол төңкерістің арқасында Грузия дамыған, өркениетті елге айналғанын еске салды. "Ол төңкерістер жақсылыққа алып келді. Грузияның ішкі жалпы өнімі төрт есе өсті. Олай болса, ұлтшылдардың әрекеті ұлтқа пайдалы болды деген сөз", - дейді М.Тайжан.

М.Тайжан елде Коммунистік партияға заңмен тыйым салынуы керек деп есептейді. "Коммунистік, большевистік идеология ұлтқа үлкен зиян келтірді. Соның кесірінен 20-ғасырда ұлтымыздың жартысынан айырылып қалдық. Коммунистік иедологияның кесірін бүгін де тартып жатырмыз. ендігі парламентте коммунистер болмауы керек. Бәлкім, олар партияның атын, бағытын социалистік деп өзгертуі керек. Өйткені социалистік идеология бар, ал коммунистік партияға заңмен тыйым салынуы қажет", - деді М.Тайжан.

 

 

Байланысты жаналықтар

А. Орынбек М. Тайжанға қарсы. Р. Сәрсенбайұлы қолдап отыр

01.03.2023

Мұхтар Тайжан «Аспандау» қорынан баласының ақша алғанын мойындады

20.02.2023

Бұл сайлауда қандастар ғана жеңіске жетеді!

30.01.2023

«Кресло директора школы передавали по наследству». Чего ждать от ротации?

12.07.2022

Депутат шеруге Сталин мен Берия портретін алып шыққандар туралы: Олардың өз таңдауы

11.05.2022

Мұхтар Тайжан партия құрып, жер қорғамақ

16.03.2022
MalimBlocks
А. Орынбек М. Тайжанға қарсы. Р. Сәрсенбайұлы қолдап отыр

Әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы, өзін заңгер санайтын Айгүл Орынбек сайлаудың үгіт-насихатының отына май құйып бергендей болды.

Мұхтар Тайжан «Аспандау» қорынан баласының ақша алғанын мойындады

Бұл сайлауда қандастар ғана жеңіске жетеді!

Сонымен сайлауға үміткерді тіркеу басталып кетті! Ал мен күткен қандастар үнсіз («Республика» партиясының жетекшісінің бірі Сырымбет Тауды есепке алмаймын).

«Кресло директора школы передавали по наследству». Чего ждать от ротации?

В этом году в Казахстане ввели ротацию руководителей организаций образования. В Минпросвещения считают, что ротация поможет прекратить практику, когда руководители школ многие годы занимают должность, установив свои «правила жизни» в педколлективе, нередко и коррупционные.

Депутат шеруге Сталин мен Берия портретін алып шыққандар туралы: Олардың өз таңдауы

Бұрынғы коммунистер қазіргі Қазақстан халықтық партиясының мүшесі, мәжіліс депутаты Ғазиз Құлмұхаметов 9 мамырда көшеге Иосиф Сталин мен Лаврентий Берияның портретін көтеріп шыққандардың бұл әрекетің олардың өз моралдық құқығы деп бағалады.

Мұхтар Тайжан партия құрып, жер қорғамақ

Саяси белсенді Мұхтар Тайжан Жер қорғаны партиясын құратыны туралы хабарлады.