Алты полицей сотқа берген Төлесова бостандыққа шықты

Malim Админ

  • 12.08.2020

Алматыдағы Медеу аудандық соты "Билік өкіліне күш қолданып, қорлады" деген айып тағылған азаматтық белсенді Әсия Төлесованың бас бостандығын бір жарым жылға шектеп, 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу туралы шешім шығарды. 8 маусымнан бері абақтыда отырған белсенді бүгін бостандыққа шықты.

Үкімді оқыған судья Шәкіров Әсия Төлесованы қылмыстық кодекстің 378-баптың 2-бөлімі және 380-баптың 1-бөлімі бойынша кінәлі деп тауып,  20 айлық есептік көрсеткіш, яғни 55 560 теңге көлемінде айыппұл салу және бас бостандығын бір жарым жылға шектеу туралы шешім шығарды. Сондай-ақ белсенді жәбірленушілер қорына 41 670 теңге өтемақы аударуы тиіс. Судья Шәкіров Ә.Төлесованы тергеу абақтысынан босатуға үкім етті.

Әсия Төлесова үкім оқылған соң біраз уақыттан кейін екі айдан бері отырған ЛА155/20 қамау мекемесінен босап шықты. Азаматтық белсендіні күтіп алуға достары, жақтастары, туған-туыстары мен белсенділер келді.

[caption id="attachment_6519" align="alignleft" width="960"] 8 маусымнан бері абақтыда отырған белсенді Әсия Төлесованы күтіп алуға көп адам жиналды. Фото: rukh2k19 Instagram парақшасы[/caption]

Бостандыққа шыққан белсенді туған-туыстарымен, қолдаушыларымен қауышты.

[caption id="attachment_6520" align="alignleft" width="964"] Фото: rukh2k19 Instagram парақшасы[/caption]

[caption id="attachment_6521" align="alignnone" width="960"] Фото: rukh2k19 Instagram парақшасы[/caption]

Әсия Төлесова анасы Жанар Жандосовамен бірге. Фото: rukh2k19 Instagram парақшасы

Әсия Төлесованың анасы Жанар Жандосова сотта қызының қоғамдық қорғаушысы болды.  11 тамыз күнгі жарыссөзде сөйлеген Төлесованың анасы қатты толқып, Әсия көп адамға, жастарға әсер еткенін, Әсияның айтқандарын тыңдаған жастар өмірі өзгергенін айтқанын жеткізген.

[caption id="attachment_6522" align="alignnone" width="960"] Әсия Төлесова өзін қолдаушылардың символына айналған құрақ көрпені ұстап тұр. Фото: rukh2k19 Instagram парақшасы[/caption]

Әсия Төлесованы сот процесі кезінде қолдаушылар көп болды. Оның жақтастары құрақ көрпе акциясын ұйымдастырып, әлеуметтік желіде белсендіге қолдау білдірді.

Азаматтық белсенді Әсия Төлесованың үстінен Қылмыстық кодекстің "билік өкілін қорлау" және "билік өкіліне күш қолдану" баптары бойынша іс қозғалған. Әсия Төлесованың үстінен қылмыстық іс қозғауға оның 6 маусым күні рұқсат етілмеген митинг кезіндегі әрекеті түрткі болған. Ішкі істер министрлігіне тиесілі Polisia.kz сайты Ә.Төлесова заңсыз митинг кезінде полиция қызметкеріне қарсы күш қолданғанын жазған.

Полицей Мейіржан Тұрғанбек сотта жауап бергенде Төлесова өзін автозак алдында үш рет ұрғанын айтса, полицей Нұрбек Темірханов белсенді өзін дүкен алдында ұрып, бас киімін қағып түсірді деген. Нұрбек Темірханов, Тасқын Талдыбаев, Ернат Сабалақов, Ұлан Абиболла мен Тілек Төлегенов сот кезінде Әсия Төлесованың "гад, и ты гад! Никто из вас не достоин носить форму! Мерзкие, мерзкие менты!" деген сөздеріне қорланғанын айтқан.

Әсия Төлесова сотта бұл әрекетін полиция адамдарды жас-кәріге қарамай заңсыз ұстай бастағанда оларға араша түсіп, полиция өзіне күш қолданғанымен түсіндірген.

[caption id="attachment_6523" align="alignleft" width="964"] Әсия Төлесованы қолдаушылардың бірі бүгін осындай жейде киіп келіпті. Фото: rukh2k19 Instagram парақшасы[/caption]

Әсия Төлесова сотта өзіне тағылған кінәні мойындамайтынын айтты, бірақ өзін ұстай алмағаны үшін полицейлерден кешірім сұрады. Жарыссөзден кейінгі соңғы сөзінде Ә.Төлесова полицейлердің митингті тарату кезіндегі әрекетімен келіспейтінін кесіп айтты. "Бейбіт митингіні таратқан кезде жұртты дөрекі ұстап, күш қолданғаныңызбен келіспеймін. Бұл – азаматтардың конституциялық құқығын бұзу, заңсыз әрекет. Бірақ бұл ұстамсыздығымды ақтамайтынын түсінемін. Сол себепті тағы да сіздерден кешірім сұраймын. Құқық қорғау органдары, сіздердің әріптестеріңіз маған күш қолданғандықтан, сондай әрекетке бардым... Бұл процестен мен ғана емес, сіздер де сабақ аласыздар деген үміттенемін. Өзім бұдан сабақ алдым, дұрыс емес әрекет еткенімді білемін. Бұл процесс сіздер, прокуратура мен полицейлер үшін де бетбұрысты кезең болады деп үміттенемін. Мұның бәрі сіздердің жұмыс істеу әдістеріңіз бен азаматтарға қарым-қатынастарыңызды өзгертеді деп үміттенемін. Меніңше, Қазақстанда күш қолдану, қорқытып-үркіту мен заңсыз ұстау болмауы тиіс", - деді Ә.Төлесова.

[caption id="attachment_6529" align="alignleft" width="960"] Солдан оңға қарай: Әлімжан Оралбай, Назерке Ризабекова, Әсия Төлесова және Джохар Өтебеков. Фото Джохар Өтебековтің әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды[/caption]

Әсия Төлесованы күтіп алуға оның адвокаттары Джохар Өтебеков, Әлімжан Оралбай мен Назерке Ризабекова да келді. Адвокаттар сот кезінде айыптау актісіндегі оқиға хронологиясы бұзылғанына назар аударған. Адвокаттың айтуынша, бас киімді қағып түсірген оқиғадан бұрын автозак жанындағы оқиға болған. Ал айыптау актісінде керісінше Төлесова әуелі полицей Темірхановтың бас киімін қағып түсіріп, кейін автозак алдында жүргендей етіп көрсеткен. Жарыссөзде адвокат Өтебеков бұл шын мәнінде әкімшілік құқық бұзушылық, алайда істің саяси астары болғандықтан, насырға шауып, қылмыстық іске айналды деген.

Төлесованың үстінен арыз жазған полицейлер – ТНұрбек емірханов, Тасқын Талдыбаев, Тілек Төлегенов,  Ернат Сабалақов және Ұлан Абиболла Ә.Төлесова өздерін қорлады десе, Мейіржан Тұрғанбек және Нұрбек Темірханов белсенді өздеріне күш қолданғанын айтқан.

Фотолар: rukh2k19 Instagram парақшасы

Байланысты жаналықтар

Әсия Төлесова саяси партия құратынын мәлімдеді

18.12.2020

Әсия Төлесова: БҰҰ-ға шағымданамын

30.09.2020

Журналиске шабуыл жасалды

25.09.2020

Әсия Төлесоваға сот үкімі шықты

12.08.2020

"Мерзкие менты" деген белсенді кінәсін мойындамады

11.08.2020

"Мерзкий мент" сөзіне полицейлер қорланыпты

10.08.2020
MalimBlocks
Әсия Төлесова саяси партия құратынын мәлімдеді

Әсия Төлесова: БҰҰ-ға шағымданамын

Журналиске шабуыл жасалды

Әсия Төлесоваға сот үкімі шықты

"Мерзкие менты" деген белсенді кінәсін мойындамады

"Мерзкий мент" сөзіне полицейлер қорланыпты