Экс-судья Светлана Жолманова сотқа келмей қойды

Алаяқтық бойынша айыпталған судьяның Бауыржан Байбектің әйелі екені айтылады

Malim Админ

  • 18.04.2025

Бүгін Медеу аудандық сотында экс-судья Светлана Жолманованың ісі бойынша сот отырысы өтті. Мемлекеттік айыптаушы айыптау актісін оқыды. Экс-судьяға тағылған айыптар белгілі болды. Бұл туралы Orda.kz сайтына сілтеме жасап Malim.kz хабарлады.  


Бүгін Медеу аудандық сотында экс-судья Светлана Жолмановаға қатысты сот отырысы өтті. Сот отырысы Жолманова келмей қойғаннан кейін, бұған дейін бес рет кейінге шегерілген. 

Сот отырысын тек алтыншы шақырудан кейін  ғана бастау мүмкін болды. Уақытша қамау изоляторында отырған айыпталушы сотқа барудан бас тартты. Судья Қанат Арынов тараптардың пікірін тыңдады. Бұл тергеуді бастауға жасалған алтыншы әрекет болғандықтан, отырысты оның қатысуынсыз жалғастыруға рұқсат берді.

Светлана Жолмановаға Қазақстан Республикасы ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы, «Аса ірі көлемдегі алаяқтық» бабы негізінде айып тағылған. 48 қылмыстық эпизод бойынша айыпталушы ретінде танылды. 18 сәуір күні мемлекеттік айыптаушы Раушан Абдулла айыптау актісінің 17 эпизодын оқып шықты. 

Тергеу мәліметіне сәйкес, 2021 жылдан 2024 жылдар аралығында Светлана Жолманова алаяқтық жолмен 1 млрд теңге иемденген.  Жолманова адамдарды алдап, олардың қаражатын өз жобаларына инвестицияға беруге көндірген, ал бұл жобаларды ол Алматы әкімдігіндегі таныстары арқылы алып отырамын деп сендірген. Ол Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің жұбайы – Жанар Байбекпен достығын алға тартқан.

Барлық жәбірленушілерге ол Жанар есімді құрбысы туралы айтатын. Оның айтуынша, бұл – сол кездегі Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің жұбайы болған, – деп айтылған айыптау актісінде.

Сондай-ақ, айыптау актісінде Жолманова судья қызметінен кетсе де, жәбірленушіден ақша алып отырған. Сот отырысы келесі аптада жалғасады. 

Фото: видеодан скрин  

Байланысты жаналықтар

"Шерзатты құтқаруға болар еді". Бишімбаев сотында танылған сарапшы куәлік берді

23.05.2025

Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы туысына қарсы сотта жеңіп шықты

23.05.2025

Уайымдама! Сөйлесіп қойғанмын: Шерзат сотындағы диалог қызу талқыға түсті

22.05.2025

Тараз құрылыс бөлімінің басшысы 4 жылға сотталды

22.05.2025

Куәгерден ақша бопсалаған тергеушілер сотталды

21.05.2025

Шерзат Полаттың мәйітіне жасалған сараптама қорытындысы жарияланды

21.05.2025
MalimBlocks
"Шерзатты құтқаруға болар еді". Бишімбаев сотында танылған сарапшы куәлік берді

Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы туысына қарсы сотта жеңіп шықты

Уайымдама! Сөйлесіп қойғанмын: Шерзат сотындағы диалог қызу талқыға түсті

Тараз құрылыс бөлімінің басшысы 4 жылға сотталды

Куәгерден ақша бопсалаған тергеушілер сотталды

Шерзат Полаттың мәйітіне жасалған сараптама қорытындысы жарияланды