Ең жемқор министрлікті Тұрғымбаев басқарады

Malim Админ

  • 13.02.2020

Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ басқаратын Ішкі істер министрлігі (ІІМ) Қазақстан бойынша жемқорлық фактілері жиі тіркелетін мекеме. Бұл туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

Агенттіктің Превенция департаментінің басшысы Анар ЖАРОВА агенттіктің баспасөз орталығында өткен брифингте сыбайлас жемқорлық бойынша көш бастап тұрған салаларды атады.

Министрліктер ішінде ең көп пара алу фактісі тіркелетін орталық – ІІМ болып шықты. Онда бір жыл ішінде 297 жемқорлық фактісі тіркелген. Бұл өзгелердің көрсеткішінен бірнеше есе көп. Мәселен, жаман атымен екінші орында тұрған Қаржы министрлігінен 6 есе көп. Ретімен баяндасақ, Қаржы министрлігі – 49; Қорғаныс – 29; Индустрия және инфрақұрылымдық даму – 20; Ауыл шаруашылығы – 19 жемқорлық тіркелген. Департамен басшысы атап айтқандай, «бұл қылмыстар министрліктердің аумақтық бөлімшелерінде немесе ведомстволық бағынышты ұйымдарында жасалыпты».

«Құқықтық статистика органдарының мәлімдеуінше, 2019 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін 1002 адам сотталды, бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 7%-ға аз. Олардың арасында орталық мемлекеттік органдардың қызметшілері (515), жергілікті атқарушы орган қызметкерлері (261), квазимемлекеттік секторда (37) және өзге де тұлғалар (189) бар», - дейді Жарова.

Сондай-ақ, полициясы жемқор қалалардың тізімін елорда (42) бастап тұр. Одан кейін Алматы (26), Шымкент (23) қалалары мен Жамбыл облысы(19) тұр.

Фото: sputniknews.kz

Байланысты жаналықтар

Тұрғымбаев митингке шыққандарды "қойша көгендеуді" жалғастырады

04.03.2020

Қазақстандағы «маски-шоу»

23.03.2020

Бақыт ұстасы (латыш ертегісі)

28.03.2020

Шыншыл Свэн (дат ертегісі)

02.04.2020

Мұғалімдер үйде отырып жұмыс істейтін болды

16.03.2020

Ұйғыр ауданында не болып жатыр?

17.06.2020
MalimBlocks
Тұрғымбаев митингке шыққандарды "қойша көгендеуді" жалғастырады

Қазақстандағы «маски-шоу»

Бақыт ұстасы (латыш ертегісі)

Шыншыл Свэн (дат ертегісі)

Мұғалімдер үйде отырып жұмыс істейтін болды

Ұйғыр ауданында не болып жатыр?