Цой ақшаға, ал Қожахметов тегін жұмыс істейді

Malim Админ

  • 27.08.2020

Бағдат Қожахметов денсаулық сақтау министрлігіне ресми өкіл болып келгелі бері министр Алексей Цойдың қолы ұзарып қалды.  Брифингіге шығып, тілшілердің сұрақтарына жауап беруді мүлде қойған министр бұл міндетті Қожахметовке жүктеп, өзін тығырыққа тірейтін тілшілерден біржолата құтылғандай.

Расында да, брифингіде “бес жасқа дейінгі балалар маска тақсын” деп алып, ертесі шешімін өзгертетін министр тілшілердің өткір сұрақтарына келгенде тосылып қалатын. Бір брифингіге министрге ере шыққан вице-премьер Ералы Тоғжанов тілшілерге “тойтарыс беріп”, Цойға көмектескені есте.

Тілшілермен коммуникацияда әбден қиналған Цойға ақыры 31-арнаның бұрынғы бас директоры Бағдат Қожахметов көмек қолын созды. Қожахметовтің айтуынша, ол Цойдың 

Facebook-тегі жекесіне қоғаммен дұрыс байланыс орнатуға көмектесуге дайын екенін жазған. Министр көп күттірмей қоңырау шалып, оны жұмысқа шақырған. 

Бірақ бір Қожахметов аздық етеді деді ме, министрлік медиа орталық құру туралы шешім қабылдапты. Қожахметовтің айтуынша, министрлікке тиесілі мекемелердің штатында пиарға жауапты 40 адам болса да, іс жүзіне келгенде олардың 20-сы ғана жұмыс істеген. Жалақы 120-150 мың теңгеден аспайтындықтан, қалған 20 жұмыс орны бос күйінде қала берген. 

Қожахметовтің сөзіне қарағанда, ол 3-4 жұмыс орнын біріктіріп, жақсы жалақыға дұрыс маман таппақ болған. Бос жұмыс лауазымдары біріктірілгендіктен, бұған бюджеттен артық ақша жұмсалмаған. Сөйтіп, әлемжеліде 450 мың теңге жалақыға төрт PR маманы, 300 мың жалақыға фотограф мен дизайнер керек деген хабарлама тарап кеткен. 

Қазір министрліктің медиа орталығында бес адам жұмыс істеп жатыр. Олар құжат жүзінде министрлікке қарасты құрылымдық бөлімшелерде жұмысқа тұрғанымен, іс жүзінде медиа орталықта жұмыс істейді.

Министрлікке осылайша команда жинап жатқан Қожахметов брифинг кезінде медиа орталықта осы саладағы танымал үш маман тегін жұмыс істеп жүргенін мақтана жеткізіп, алғыс білдірді. Кейін бізбен телефонмен әңгімеде ол осы үш маманның атын атап, түсін түстеді. “Олар Жамиля Нашикен (жасыл технологияларға қатысы бар компания баспасөз қызметінің басшысы), Тамара Вааль (Vlast.kz) және Татьяна Ковалева (Zakon.kz). Тағы бірнешеуі бар. Олар тегін көмектеседі. Бәлкім, осы көмек үшін эксклюзивті ақпаратқа қол жеткізеді”, - деді Қожахметов. 

Тамара Вааль бізбен әңгімеде Қожаметовтің сөзін теріске шығарып, медиа орталықта жұмыс істемейтінін айтты. Айтуынша, “бұлай жұмыс істеуге болмайды” деп бір рет кеңес бергені болмаса, министрлікке қатысы жоқ. Тамара Вааль “СҚ-Фармацияның” жетекшісі Ерхат Есқалиевке пресс брифингіге дайындалуға көмектескен. Журналист адамгершілік тұрғыдан қол ұшын созғанын айтып, Қожаметовтің командасына қатысы жоғын кесіп айтты.

Ал бірақ Қожахметов айтқан Татьяна Ковалева бізбен әңгімеде медиа орталыққа тегін емес, жалақыға жұмыс істеуге шақырылғанын жайып салды. “Әріптестіктен бас тартқаным жоқ, біліммен, пікіріммен бөліскім келді. Бірақ бір апта істеп көрген соң шенеуніктермен жұмыс істей алмайтынымды түсіндім”, - дейді ол.

Қызығы, министрге көмегін ұсынған Бағдат Қожахметовтің өзі бізге министрлікте тегін жұмыс істеп жүрмін деді. Айтуынша, ол министрлікте штаттан тыс қызметкер. “Менің ақшам, бизнесім бар. Мен тәуелді емеспін (министрлікке), сондықтан көмектесіп жүрмін. Әу бастан өзімнің азаматтық және кәсіби міндетімді атқаруға келгенімді айттым”, - деді Қожахметов.

Кезінде біраз қызметтің басын шалған Қожахметов пен ол жинаған пиар команда ковидтің шарықтау кезінде әбден шайқалған министрліктің имиджін тегіннен-тегін көтеріп жүр дегенге сенесіз бе? Не де болса бұл команда ақпарат құралдарының бетінде министрлік туралы жағымсыз ақпарат 10 пайыздан аспауы керек деген Цой айтқан міндетті орындауға кірісіп кеткен шығар. 

Ras Aitamyn Telegram-каналы

 

 

Байланысты жаналықтар

Қазақстандағы су тасқыны: елімізде жұқпалы аурулар пайда болуы мүмкін бе

08.04.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Kaspi.kz  Денсаулық сақтау және Цифрландыру министрлігі  анықтама алу сервисін іске қосты

27.09.2022

Денсаулық сақтау министрі міндетін атқару Бүркітбаевқа жүктелді

20.12.2021

Алексей Цой қызметінен босатылды 

20.12.2021
MalimBlocks
Қазақстандағы су тасқыны: елімізде жұқпалы аурулар пайда болуы мүмкін бе

Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің (СЭС) жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылды.

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Kaspi.kz  Денсаулық сақтау және Цифрландыру министрлігі  анықтама алу сервисін іске қосты

Kaspi.kz Цифрландыру министрлігімен және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жаңа сервисті іске қосты.

Денсаулық сақтау министрі міндетін атқару Бүркітбаевқа жүктелді

Алексей Цой қызметінен босатылды