Маңғыстауда оқушылар уланды: министрлік бақылаудың жаңа тәсілдерін әзірледі

Сабина Асқарқызы

  • 27.04.2025

Маңғыстауда 400-ден астам бала зардап шеккен балалардың жаппай улануы кезінде Денсаулық сақтау министрлігі білім беру нысандарын бақылаудың жаңа ережелерін ұсынды, деп хабарлайды  Malim.kz.

Ведомство мәліметінше, Маңғыстау облысындағы оқушылардың жаппай улану жағдайы оқушылардың тамақтануын ұйымдастыруды мемлекеттік бақылау тәсілдерін өзгерту қажеттігін көрсеткен. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бұзумен байланысты проблемаларды жүйелі шешу үшін білім беру нысандарын мемлекеттік бақылаудың жаңа тәсілдерін әзірледі. Олар балалар болатын нысандарға ерекше мәртебе беруге, объективті бағалау үшін тексерулер туралы алдын ала хабарламаны алып тастауға, сондай-ақ нысандарды санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келтіру мақсатында мониторингтік сапарларды енгізуге бағытталған. 

Қазіргі уақытта Кәсіпкерлік кодексінде көзделген қолданыстағы нормалар уәкілетті органдарға балалардың барлық болу нысандарын мемлекеттік бақылаумен толық қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.

Бұған дейін хабарланғандай, Мемлекет басшысының мектеп асханаларында балаларды топтық улану фактілері бойынша тапсырмасының шеңберінде министрлік Бас прокуратурамен келісе отырып, Маңғыстау облысының білім беру мекемелерінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына жоспардан тыс тексеру жүргізуде.

Өңірде тексеру үшін барлығы 72 нысан айқындалды, бүгінгі таңда 14 мектеп ас блогы тексерулермен қамтылды. 

Улану жағдайларын тергеп-тексеру және мектептегі тамақтанудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында  оқу-ағарту, денсаулық сақтау министрлігін, Бас прокуратураны қоса алғанда, мүдделі органдардың өкілдерінен тұратын ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. 

Денсаулық сақтау министрлігінен ведомствоаралық жұмыс тобының құрамына Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай облыстарының, Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінен және ҚР ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығынан 7 маман енгізілді.

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Байланысты жаналықтар

Ауа сапасын бақылау және ТМК-дегі тексеріс: деректер айтылды

20.05.2025

Денсаумин Қазақстандағы Covid-19 жағдайына байланысты мәлімдеме жасады

18.05.2025

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Маңғыстауда даладан жаңа туған сәби табылды

06.05.2025

Маңғыстауда 460 оқушыны улаған мектеп асханасының басшысы сотталды

29.04.2025

Емханаға түскен Берденовтің денсаулығы қалай? Министр жауап берді

29.04.2025
MalimBlocks
Ауа сапасын бақылау және ТМК-дегі тексеріс: деректер айтылды

Денсаумин Қазақстандағы Covid-19 жағдайына байланысты мәлімдеме жасады

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

Маңғыстауда даладан жаңа туған сәби табылды

Маңғыстауда 460 оқушыны улаған мектеп асханасының басшысы сотталды

Емханаға түскен Берденовтің денсаулығы қалай? Министр жауап берді