Емханаға түскен Берденовтің денсаулығы қалай? Министр жауап берді

Жақында жараланып, емханаға түскен Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің денсаулығына қатысты ақпарат берілді, деп хабарлайды Malim.kz.
Бүгін Үкімет отырысынан кейін баспасөз мәжілісінде денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова тілшілерге шенеуніктің жағдайы туралы айтты.
Оның жағдайы - тұрақты ауыр. Ауруханаға түскен кезде хирургтардың екі бригадасы төрт сағат бойы медициналық шұғыл көмек көрсетті. Пациентке ота жасалды, жағдайы тұрақталды. Қазір науқастың жағдайы тұрақты, өзі жүріп-тұрады. Әзірге дәрігерлердің бақылауында, - деді министр.
Бұған дейін Берденовтің досы, кәсіпкер Сырымбек Тау оның 9-10 қадам жүре бастағанын айтқан еді.
Еске салсақ, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалды. Оқиға 21 сәуір күні кешкі сағат 20:30 шамасында қалалық әкімдік ғимаратының жанында болды.
Оқиға болған күні күдікті Ернар Жиембай ұсталып, полиция оның үстінен қылмыстық іс қозғады. Күдікті байланысты деген кәсіпорын – «Тұрғын үй Шымкент» – 2016 жылы маусымда тіркелген. Кәсіпорында 21-30 адам жұмыс істейді.
Фото: Мәжіліс
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
