ДСМ: Қазақстанда маймыл шешегі тіркелмеді

Дегенмен қауіпті елдерге баратындарға сақтық жолдарын ұсынды

Мәди Саматұлы

  • 18.08.2024

Елде маймыл шешегінің бірде-бір жағдайы тіркелмеді. Дегенмен Денсаулық сақтау министрлігі инфекцияның елге жету қаупін сейілту үшін тиісті шараларды қолға алған, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрлік әлемдегі маймыл шешегінің қазіргі жағдайы және еліміздің аумағында инфекцияның таралуын болдырмау бойынша қабылданған шаралар туралы мәлімдеме жасады.

Мәселен, әуежайлар мен шекара өткелдерін қоса алғанда, санитариялық-карантиндік пункттерде бақылау шаралары күшейтілген. Маймыл шешегі тіркелген елдерден келген азаматтарға жіті назар аударылады.

Инфекцияның таралу ықтималдығын болдырмау үшін министрлік эндемиялық елдерге баруды жоспарлап қойған азаматтарға мына сақтық шараларын сақтауға кееңс береді:

Ауру адамдардан және жабайы жануарлардан аулақ болыңыз. Маймылдар, егеуқұйрықтар мен басқа да жануарлар вирус жұқтыруы мүмкін;

Қорғаныс құралдарын қолданыңыз. Жануарлармен немесе олардың өнімдерімен байланыста болған кезде қорғаныс киімдері және қолғаптарын қолданған жөн;

Гигиенаны сақтау. Қолды үнемі жуып, дезинфекциялау құралдарын қолдану инфекцияның таралу қаупін азайтуға көмектеседі;

Аса қажеттілік туындамаса, маймыл шешегі тіркелген елдерге шықпауға кеңес беріледі;

Алғашқы белгілер пайда болған кезде дәрігерге барыңыз. Егер бөртпе, жоғары температура мен басқа да белгілер пайда болса, дереу медициналық көмекке жүгіну керек.

Фото: dzen.ru

Байланысты жаналықтар

Денсаумин Қазақстандағы Covid-19 жағдайына байланысты мәлімдеме жасады

18.05.2025

Емханаға түскен Берденовтің денсаулығы қалай? Министр жауап берді

29.04.2025

ШҚО-да Ғылым жөніндегі бірінші өңірлік кеңес өтті

28.04.2025

Маңғыстауда оқушылар уланды: министрлік бақылаудың жаңа тәсілдерін әзірледі

27.04.2025

ШҚО-да ҚХА кеңесінің отырысы өтті

11.04.2025

Ұлытау облысында Нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңес құрылды

07.04.2025
MalimBlocks
Денсаумин Қазақстандағы Covid-19 жағдайына байланысты мәлімдеме жасады

Емханаға түскен Берденовтің денсаулығы қалай? Министр жауап берді

ШҚО-да Ғылым жөніндегі бірінші өңірлік кеңес өтті

Маңғыстауда оқушылар уланды: министрлік бақылаудың жаңа тәсілдерін әзірледі

ШҚО-да ҚХА кеңесінің отырысы өтті

Нұрымбет Сақтағанов ШҚО ҚХА кеңесінің отырысын өткізді

Ұлытау облысында Нашақорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңес құрылды

Кеңестің төрағасы болып Ербол Қайырбеков тағайындалды.