Ата-аналардың өтінішімен 1-4 сынып оқушылары мектепке барады

Malim Админ

  • 27.08.2020

Бүгін Қызылорда қаласында «Білім және ғылым: жаңа оқу жылының ерекшелегі» тақырыбында облыстық тамыз кеңесі өтті. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ сайты хабарлайды.

Жиынға облыс басшысы Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА, сенат  депутаты, әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ қатысты.Тамыз конференциясына аудан әкімдері, білім беру ұйымдарының басшылары, мектеп мұғалімдері онлайн форматта білім саласындағы мәселелерді талқылады.

Биыл облыста 55 білім беру нысанына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Жаңа оқу жылында Қызылорда қаласы мен Жалағаш ауданынан 2 мектеп пайдаланылуға беріледі. Сонымен қатар, 4 мектептің құрылысы жүргізілуде.

Облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира ҚАСЫМОВАНЫҢ айтуынша, биылғы оқу жылының басты ерекшелігі – мектептердің жан басына қаржыландыру тетігіне өтуі. Сондай-ақ, Назарбаев зияткерлік мектебімен бірге «Ауыл мектебі» пилоттық жобасы іске аспақ екен.

Жиында ата-аналардың өтінішімен 1-4 сыныптағы 41 547 оқушы 2974 топта дәстүрлі түрде білім алатыны айтылды. Тамыз кеңесінің соңында  Гүлшара Әбдіқалықова «Үздік орта білім ұйымы» конкурсының жеңімпазы Қазалы ауданындағы №249 мектеп-лицейіне 17 млн.теңге грант сертификатын тапсырды.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Изолятордағы пышақталу: "Өз-өзіне қол салды дегеннің барлығы өтірік"

02.04.2021

Әбдіқалықованың екі жұлдызы

04.06.2020

Есірткі есіңді алады

30.03.2020

"Ханның қызы" шаруаларға құлақ аса ма?

21.12.2020

Жамбыл облысындағы қуаңшылық: "Шабатын шөп жоқ"

01.07.2021

Есірткімен алысқан боп, айналысқан сақшы

17.07.2020
MalimBlocks
Изолятордағы пышақталу: "Өз-өзіне қол салды дегеннің барлығы өтірік"

Әбдіқалықованың екі жұлдызы

Есірткі есіңді алады

"Ханның қызы" шаруаларға құлақ аса ма?

Жамбыл облысындағы қуаңшылық: "Шабатын шөп жоқ"

Есірткімен алысқан боп, айналысқан сақшы