Қытайдағы қазақстандықтар елге жеткізілді

Malim Админ

  • 13.02.2020

Коронавирус тарап жатқан Қытайда қалған Қазақстан азаматтарының тағы бір легі елге оралды. Олар арнайы ұшақпен, жан-жақты қауіпсіздік шараларын қолдана отырып Алматы әуежайына келіп қонды. Олардың денсаулық жағдайын бүкіл жол бойына арнайы бекітілген дәрігерлер тексеріп отырған. Таңғы сағат 07:00-де қонған ұшақ толықтай карантинге алынған. Ондағы азаматтар да арнайы дайындалған орынға жіберілді.

Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-тағы парақшасында жолаушылардың карантинге жабылғаны айтылған. Енді олар 3 күн бойы қатаң бақылау астында толық тексерістен өтеді.

«Жерлестеріміз ұшақтан түсе сала инфекциялық сақтық шараларымен Алматыдғы көпсалалы клиникалық ауруханаға жеткізілді. Олар ауруханада 3 күн медициналық тексерістен өтіп, коронавирус пен ЖРВИ-ге қарсы зертханалық анализдер тапсырады. Егер клиникалық көрсеткіштер болса – станционардағы тексеру мерзімі созылуы мүмкін», делінген ресми парақшада.

Қытай астанасынан келгендердің жалпы саны – 211 жолаушы. Оның 171-і Қазақстан азаматы. Сонымен қатар, бұл рейстің ішінде Қырғыз Республикасы азаматтары болған. Олардың саны 40. Келгендердің барлығының қазіргі жағдайы тұрақты, ешқандай қауіпті белгілер байқалмаған. Бұл туралы министрлік «қазір барлық жолаушылардың денсаулығы қанағаттанырлық. Дене қызуы жоқ», деп мәлімдеді.

Қырғыз Республикасы азаматтары Алматыда қалдырылған жоқ. Дереу Бішкекке жеткізілген.

Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметі жолаушылардың барлығы арнайы тексеріліп барып, ұшықтан түсірілгенін хабарлады.

"Ұшақ бортында жолаушылар термометрия бойынша үш сатылы тексеруден өтті. Ешбір адамнан коронавирус инфекциясы анықталған жоқ. Елге келгендер үшін жұқпалы аурулар ауруханасы аумағында барлық жағдай жасалған. Медициналық мекеме эпидемияға қарсы дәрілік заттар және құрылғылармен жеткілікті түрде қамтамасыз етілген", - делінген ӨКҚ хабарламасында.

Бұдан екі күн бұрын Қытайдан 217 қазақстандықтың эвакуацияланғаны жайлы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкімет отырысында мәлімдеген. Ол, сондай-ақ, Қытайда 497 қазақстандық азаматтың жүргенін айтқан. Олардың 337-сі студент.

Айта кету керек, эвакуациялау ешқандай мәжбүрлеусіз жүреді. Келгісі келгенде келеді, келгісі келмегендердің өз еркі. Қазіргі уақытта 343 Қазақстан азаматы Қытайда қалуды жөн көріпті.

Қытайда қауіпті індет коронавирустың таралуына байланысты шекарада сақтық шаралары күшейтіліп, онда қалған азматтарды елге әкелу жұмысы жүріп жатыр. Індет ошағы Ухан қаласынан елге жеткізілген Қазақстан азаматтары үшін арнайы клиникалық орталық дайындалып, карантинге жабылған. Олар онда екі апта бойы тексерісте болады. Ал, Бейжің қаласы індет ошағы болмағандықтан, ол жақтан келгендерге қойылар талап жеңілдетілген.

Соңғы ақпарат бойынша, бұл қатерлі індетті әлем бойынша 45 171 адам (оның 44 730-ы Қытайда) жұқтырып, 1363 адам қайтыс болған.

Фото: stan.kz

Байланысты жаналықтар

Қазақстанда «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы басталды

28.10.2023

Алматы. "Қуатты өңірлер" бірнеше бағытта дамиды

21.09.2022

Тарысы піскеннің тауығы: Боранбаев «асыраған» әртістер

09.04.2022

Бекен ЫБЫРАЙЫМ. Қала шетіндегі үй (Жалғасы)

03.04.2021

«Únsіz qalma»: Буллинг пен конфликтің 5 айырмашылығы

31.10.2020

"Орыстар маған орысша сөйле деген емес"

29.10.2020
MalimBlocks
Қазақстанда «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы басталды

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоғамдық қоры Ұлыбритания үкіметінің қаржылай қолдауымен «Шешім журналистикасы лабораториясы» жобасы жүзеге аса бастады.

Алматы. "Қуатты өңірлер" бірнеше бағытта дамиды

Тарысы піскеннің тауығы: Боранбаев «асыраған» әртістер

Олар Қайратты «Құдай берген таланттың ұшқынын көруші» дейді.

Бекен ЫБЫРАЙЫМ. Қала шетіндегі үй (Жалғасы)

«Únsіz qalma»: Буллинг пен конфликтің 5 айырмашылығы

"Орыстар маған орысша сөйле деген емес"