Қоғамды қорлап жатқанда көрмегендей болып қалай үнсіз отырамын?!.(видео)

Malim Админ

  • 12.09.2020

"Үш таған" саяси қастандық жасамаса, көрнекті мемлекет қайраткері Алтынбек СӘРСЕНБАЙҰЛЫ бүгін 58 жасқа келер еді. Алтынбектің артынан оқ атпаса, қазақтың бүгінгі мерейі мен көңілі де басқаша болар еді.  Мүлгіп кеткен милар оянып, қалғып кеткен "ақыл-ойлар" сергіп кетер еді. Мемлекет  мүддесін бәрінен жоғары қойған тұлғаның жоспары бар қазақты бақуатты, бақытты жасау еді. Ал бақыт дегенді билік деп білетіндер оның бұл ойынан шошыды.

Алтынбектің өз сөзі мен бейнесі қалған мына бейнетаспаға қарасаңыз, оның демократиялық күрес жолындағы орасан зор жоспарын байқайсыз.

Бейнетаспа 2005 жылдың 29 қаңтарында жазылыпты. Дәл осы күні ол кезде әлі бөлінбеген «Ақ жол» партиясы Алматыдағы «A-club» ғимаратында сьезд пленумына жиналған екен. Жиын күтпеген сұрақтан басталған. – Демократиялық таңдау қозғалысы (ДВК) жиынына демократиялық құндылықтарға, күштерге қолдау үшін барып қатысқан едік. Сөз сөйледік. Тілекші болдық. Бірақ, жиын бітіп тарқап жатқан сәтте Ораз (Жандосов), Болаттарды (Әбілев) ОМОН жасағы алып кеткен. Мұны әдейі істелген шара деп білем. Өйткені олар бүгін бізде съезд екенін біледі. Соны өткізбеуге жасаған әрекеттері. Болат пен Ораз пленум басталғалы жатқанын бірнеше мәрте түсіндірді. Бірақ, олар (ОМОН) басқа шешім қабылдады. Осы жағдайға байланысты сіздерге біздің қабылдар шешіміміз бен әрекетіміз қандай болмақ деген мәселені талқылауға қоямын. Не біз бәріміз барып теңтөрағаларымызды қорғап қаламыз немесе басқа ұсыныстарыңыз болса, тыңдап талқылайық. Өйткені, ДВК-нің ашық жиынына қатысқан үшін ұстап алуды қалай түсінерімді білмеймін. Біз авторитарлы қоғамды айтып жүргендей едік, ал шынында тоталитарлы қоғамда өмір сүріп отырмыз, – деп сөз бастапты Алтынбек Сәрсенбайұлы. Алтынбектің бұл ұсынысына залдағылар қолдау да көрсеткен, қарсылық та білдірген. Мәселен, Жәнібек Қожық «жұмылған жұдырықтай боп бір бірімізді қорғайық, барайық» десе, Айтқожа Фазылов «какой то» ДВК жиынына теңтөрағалар неге барады, өздері шатаққа ұрынды», деп айыптап сөйлепті. Бірдеңе айту үшін Бәйменовтің қайда жүргенін білгісі келгендер де болыпты. Залдағы дау ұласып бара жатқанда теңтөрағаның бірі Л.Жуланова «Болат пен Оразды жіберіпті» деген хабар келді, «Бәйменов сол жаққа кеткен еді, қастарында» деп хабарлама жасады. Сонымен, ұсталған екі төрағаны қалай қорғаймыз деген сұрақ күн тәртібінен түседі. — Біраз адам сөйлеп үлгергеніне өте қуаныштымын. Әлеуметтік зерттеу жүргізіп алдық, — деп бір күледі Алтынбек.

Қысқа үзілістен кейін пленум жалғасып, сөз алғандардың көпшілігі «Ақ жолдың» басшылығына кейіннен келген төрағаларға «радикалсыңдар», «билікпен келісіп жұмыс істеу керек» дегендей айып тағады. Сол айып тағушылардың бәрі дерлік кейіннен Бәйменов бөліп алып кеткен «Ақ жолдың» қатарынан табылды. Бірақ, олар әріптестерін сатып кеткенімен береке таппай, «Ақ жолды» демократиялық күштерге үш қайнаса да сорпасы қосылмайтын Перуашевқа өткізіп беріп тынды.

Бұл енді басқа тарих. Ал біз сөз еткен жиын соңында Алтынбек Сәрсенбайұлы өз ойын айтыпты. Сөзіне құлақ түрсек, оның мақсаттары мен мұраттары, жоспары билік үшін өте қауіпті болғанын тағы да айқын байқаймыз.

https://www.youtube.com/watch?v=ox9B6F-yBLc&t=6s

Байланысты жаналықтар

Алматыда Алтынбек Сәрсенбайұлына арналған ғылыми конференция өтті

06.10.2022

Өзгермейтін Конституция. Алтынбек жазған Ата заң

12.09.2022

Ресми: Сарыжаз мектебіне Алтынбек Сәрсенбайұлының есімі берілді

07.09.2022

Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы жүлде шарттары

09.08.2022

Алтынбек Сәрсенбайұлының сотында Бауыржан Мұхамеджановтың берген жауабы

11.02.2021

Алтынбек Сәрсенбайұлының сотында Рашид Түсіпбековтің берген жауабы

11.02.2021
MalimBlocks
Алматыда Алтынбек Сәрсенбайұлына арналған ғылыми конференция өтті

Биыл көрнекті саясаткер, оппозициялық қайраткер Алтынбек Сәрсенбайұлының туғанына 60 жыл.

Өзгермейтін Конституция. Алтынбек жазған Ата заң

Бүгін Алтынбек Сәрсенбайұлының туғанына 60 жыл

Ресми: Сарыжаз мектебіне Алтынбек Сәрсенбайұлының есімі берілді

Мұндай ұсынысты осыдан біраз уақыт бұрын ауылдастары берген.

Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы жүлде шарттары

Мемлекет және қоғам қайраткері, саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының туғанына 60 жыл

Алтынбек Сәрсенбайұлының сотында Бауыржан Мұхамеджановтың берген жауабы

Алтынбек Сәрсенбайұлының сотында Рашид Түсіпбековтің берген жауабы