Алматыда Алтынбек Сәрсенбайұлына арналған ғылыми конференция өтті

Биыл көрнекті саясаткер, оппозициялық қайраткер Алтынбек Сәрсенбайұлының туғанына 60 жыл.

  • 06.10.2022
А.Сәрсенбайұлына арналған көрме / Фото: azattyq.org

Алматыдағы Ұлттық кітапханада саясаткер, оппозициялық қайраткер, марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлының 60 жылдығына арналған ғылыми конференция өтті.

Ұйымдастырушылар бұл Алтынбектанудың алғашқы сатысы екенін айтады. Жиында Алтынбек Сәрсенбайұлының саяси мұрасы, ұсынған бағдарламаларының ешқашан құнын, маңызын жоймайтыны көп айтылды. Билікте жүріп, саяси жүйенің қателіктерін түзеуге бар күшін салған, ақыры, оппозицияға кеткен саясаткердің ерлігі, оның әлі күнге сыры ашылмаған жұмбақ өлімі, оның өмір жолы, азаматтық тұлғасы туралы сөз болды.

Саясаттанушы Шалқар Нұрсейіт арнайы баяндама жасап, «тәуелсіз елдің тәуелсіз азаматтары өздері үшін және болашақ ұрпағы үшін бейбіт саяси күресті бүгін бастаймын десе, Алтынбек Сәрсенбайұлының саяси мұрасы темірқазық болуға дайын» екенін айтты.

Ұйымдастырушылардың бірі Сағатбек Медеубекұлы конференцияда негізінен Алтынбектанудың алдағы бағыты қандай болу керек деген мәселе көтерілгенін айтады.

«Тарих, филология, әлеуметтану, қоғамтану, саясаттану, журналистика ғылымында Алтынбектану деген бағытқа түрен салынды. Енді ғылыми негізде сараптап, Алтынбектей тұлғаның қалыптасуының негізі неде? Алтынбектің рухы кейінгі ұрпақтарға жұғысты болу үшін қайтпек керек? Қалай зерттеу керек? Қай бағытта, қай қырынан алып, саралау керек деген мәселелер қозғалды», – дейді ол.

Конференцияда осыдан екі ай бұрын жарияланған Баспасөзде және әлеуметтік желілерде эссе жанрындағы шығармаларға Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы жүлде үшін республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Және Сәрсенбайұлының жазбалары мен мақалалары, сұхбаттары, ол туралы жазылған мақалалар топтастырылған екі кітап таныстырылды. Ұймдастырушылар енді үшінші кітап шығармақшы, оған конференция барысында оқылған баяндамалар енгізілмек.

Биыл саясаткердің туғанына 60 жыл толуына орай бірнеше іс-шара ұйымдастырылды. Алматы облысы Райымбек айданы Сарыжаз ауылында ол оқыған мектепке Алтынбек Сәрсенбайұлы есімі берілді.

Байланысты жаналықтар

Сириядағы жағдай: оппозицияның Дамаскіні басып алғаны хабарланды

08.12.2024

Асад қашты. Ол қазір қайда?

08.12.2024

Грузиядағы парламент сайлауында билік партиясы жеңіске жетті

27.10.2024

Ердоғанның басты қарсыласы Фетхуллах Гүлен АҚШ-та қайтыс болды

21.10.2024

The Insider: Навальный түрмеде уланған болуы мүмкін

30.09.2024

Венесуэладағы сайлаудан кейін оппозиция жақтаушылары митингке шықты

06.08.2024
MalimBlocks
Сириядағы жағдай: оппозицияның Дамаскіні басып алғаны хабарланды

Олар Асад режиміне қарсы адамдар қамалған түрме тұтқындарын босатып жіберген

Асад қашты. Ол қазір қайда?

Грузиядағы парламент сайлауында билік партиясы жеңіске жетті

Оппозициялық партиялар наразылық ұйымдастырмақ

Ердоғанның басты қарсыласы Фетхуллах Гүлен АҚШ-та қайтыс болды

Ол ұзақ уақыт бойы ауыр сырқатпен күресті

The Insider: Навальный түрмеде уланған болуы мүмкін

Басылым оппозиялық саясаткердің өліміне қатысты жүздеген ресми құжаттарға қол жеткізгенін хабарлады

Венесуэладағы сайлаудан кейін оппозиция жақтаушылары митингке шықты

Венесуэладағы президент сайлауынан кейін оппозиция өкілдері жаппай митингке шығып, биліктен өздерінің жеңісін талап етуде. Қазіргі президент Николас Мадуро қазіргі уақытта мыңдаған "тәртіп бұзушылардың" ұсталғанын мәлімдеді.