Шалабеков жемқорлықпен ұсталды. Әубәкіров қайтпек?

Malim Админ

  • 14.09.2020

Қарағанды қаласының әкімінің орынбасары Жақсылық Шалабековке қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыстық іс қозғады.

Шенеуніктің ұсталғаны туралы хабарды агенттіктің баспасөз қызметі растады. Бірақ қай бап бойынша айыпталып жатқанын айтқан жоқ. Тек тергеу жүріп жатқаны белгілі болды.

"Қарағанды облысының арнайы прокурорлары Қарағанды қаласы әкіміне байланысты тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу ақпараттары рұқсат етілген мөлшерде прокурордың бұйрығымен ғана, тергеуге зияны тимейтін болса, әрі басқа адамдардың заңды құқықтарын бұзбайтын болса, жарияланады», - деді Сыбайлас жемқорлықққа қарсы іс-қимыл агенттігіндегілер.

Жақсылық Шалабеков 2019 жылдың ақпан айында осы қызметке тағайындалған. 2011-2019 жылдары қала әкімдігінің құрылыс бөлімін басқарған. Әкім орынбасары кезінде жер телімдеріне, қала құрылысына, архитектураға, жаңа әлеуметтік нысандар мен үйлердің салынуына жауап берген.

Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров 2014 жылдан бері қаланы басқарып келеді. Шалабековтің кінәсі дәлелденсе, қызметімен қош айтысатын әкімнің бірі.

Естеріңізде болса, Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВ және құрылыс басқармасының басшысы Тимур БАСАРОВ пара алды деген күдікпен ұсталған еді.
Олар 182 миллион теңге алды деген күдікке іліккен.
Егер Таубаевтың кінәсі дәлелденсе, Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов те қызметінен кетуі мүмкін.

Байланысты жаналықтар

Атырау облысының әкімі кеткелі жатыр

29.09.2020

Атырау облысы 90 жылдарға шегініп бара ма?

05.06.2020

Жемқорлықпен күресті күшейтіп жатыр

23.04.2020

Орынбасары жемқорлықпен ұсталған Әубәкіров жаңа қызметке барды

30.09.2020

Бес мың долларлық сағаты бар Қарағанды әкімі өтірік айтты ма?

08.08.2020

Жемқорлыққа байланысты президент тапсырмасы орындала ма?

11.09.2020
MalimBlocks
Атырау облысының әкімі кеткелі жатыр

Атырау облысы 90 жылдарға шегініп бара ма?

Жемқорлықпен күресті күшейтіп жатыр

Орынбасары жемқорлықпен ұсталған Әубәкіров жаңа қызметке барды

Бес мың долларлық сағаты бар Қарағанды әкімі өтірік айтты ма?

Жемқорлыққа байланысты президент тапсырмасы орындала ма?