Алексей Цой министрлікке командасын жинап алды

Malim Админ

  • 17.09.2020

Алексей Цой денсаулық сақтау министрлігіне командасын жинап біткендей. Олай дейтініміз, бұған дейін Алексей Цоймен бірге жұмыс істеген оның әріптестері шетінен денсаулық сақтау вице-министрлері болып тағайындалды.

Мәселен, кеше Айжан Есмағамбетованың орнына бас санитар дәрігер болып тағайындалған Ерлан Қиясов  Алексей Цоймен бірге ҚР президенті іс басқармасының медициналық орталығында жұмыс істеген.

Алексей Цой денсаулық сақтау министрі болғанға дейін 2019 жылдың ақпаны мен 2020 жылдың шілдесі аралығында президенттің іс басқармасы медициналық орталығының жетекшісі болып жұмыс істегені белгілі. Ол денсаулық сақтау министрі болып тағайындала салған күннің ертесінде 2017 жылдан бері денсаулық сақтау министрінің орынбасары болып істеген Ләззат Ақтаева жұмыстан босатылып, оның орнын Ажар Ғиният  басты. Ажар Ғиният та Алексей Цоймен бұрыннан таныс, Алексей Владимирұлына бір медициналық орталықты басқаруға көмектескен әріптесі. Ажар Ғиният вице-министр болғанға дейін 2017 жылдың қыркүйегінен бастап президенттің іс басқармасы медициналық орталығы жетекшісінің орынбасары болған. Яғни президенттің іс басқармасы медициналық орталығында бір кезеңде Алексей Цойдың орынбасары болып, орталықты бірге басқарған. А.Цой орынбасары Ажар Ғиниятты медициналық орталықта тастап кетпей, министрлікке орынбасар етіп ерте келді.

Енді міне, кеше президенттің іс басқармасы медициналық орталығында 1999 жылдан бастап түрлі қызмет атқарған Ерлан Қиясов та министрлікке келді. Ерлан Қиясов 2006 жылдан бері президенттің іс басқармасы медициналық орталығының санитарлық-эпидемиологиялық экспертиза орталығының жетекшісі қызметін атқарған. Яғни Цой осы медицина орталығына жетекшілік еткенде Ерлан Қиясов сол мекеменің бас санитары болып жүрген. Қиясовтің кәсібилігіне кезінде көзі жеткен Цой оны да амалын тауып, өзінің орынбасары етті.  Сөйтіп, Е.Қиясовтың қызметі құйрықты жұлдыздай өрлеп, кешелі бері бүкіл елдің бас санитары және денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды.

Айтпақшы, Біртановтың кезінде денсаулық сақтау министрінің орынбасары болып тағайындалған Людмила Бюрабекованы Цой осы қызметте қалдырды. Людмила Витальевнамен Алексей Владимирович бұрыннан таныс сияқты. Людмила Бюрабекова 2015-2017 жылдар аралығында президенттің іс басқармасы медициналық орталығының жетекшісі қызметін атқарды. Бұл уақытта Цой әлі бұл орталыққа жетекші болған жоқ еді. Дегенмен Л.Бюрабекова 2017 жылдың тамызында денсаулық сақтау министрлігі фармация комитетінің төрағасы болып тағайындалғанда Цой денсаулық сақтау министрінің орынбасары болып жүрді. Цой денсаулық сақтау вице-министрі қызметін 2019 жылдың ақпанына дейін атқарды. Демек, оның осы кезеңде министрлікке қарасты фармация комитетінің төрағасымен таныс болмауы, бірге жұмыс істемеуі мүмкін емес. Л.Бюрабекова денсаулық сақтау министрінің орынбасары болып бертінде, 2020 жылдың сәуірінде тағайындалған. Демек, ол Біртановқа небәрі екі ай ғана орынбасар болған.

Цой министр болған күннің ертесінде оған бірінші орынбасар болып тағайындалған Марат Шоранов та Цоймен кеше-бүгін таныспаған тәрізді. Цой 2014-2017 жылы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі болып тұрғанда М.Шоранов осы министрліктің медициналық қызметтерді стандарттау департаментінің директоры қызметін атқарған. Бірақ М.Шоранов 2015 жылдың қазанында бұл қызметтен басқа жұмысқа ауысқанда Цой әлі де вице-министр қызметін атқарған.

Осылайша А.Цой бір қызметтен екіншіге ауысқанда командамен бірге көшіп жүретін әкім-министрлерден озып кеткен жоқ. Шілде айында коронавирусты өршітіп алған Цой мен оның министрлігі алдағы толқынға дайындықты команданы жаңартудан бастағандай.

Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Экс-министр Ажар Ғиният жаңа қызметке тағайындалды

15.03.2024

Қарағандыда тағы екі бала ауруханаға түсті

01.08.2023

12 бала уланып, бір бала қаза болды

01.08.2023

Kaspi.kz  Денсаулық сақтау және Цифрландыру министрлігі  анықтама алу сервисін іске қосты

27.09.2022
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Экс-министр Ажар Ғиният жаңа қызметке тағайындалды

Қарағандыда тағы екі бала ауруханаға түсті

Екі күннен бері ауруханаға уланып түсіп жатқан жетім балалар мен ата-анасы тастап кеткен балалар. 

12 бала уланып, бір бала қаза болды

Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 12 ұл бала уланып, бір бала қаза болды. 

Kaspi.kz  Денсаулық сақтау және Цифрландыру министрлігі  анықтама алу сервисін іске қосты

Kaspi.kz Цифрландыру министрлігімен және Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жаңа сервисті іске қосты.