Құдайбергенов жаңа қызметке кірісті

Malim Админ

  • 25.09.2020

Олжас Құдайбергенов Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Басқарушы кеңестің төрағасы болып сайланды, - деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме беріп.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Басқарушы кеңестің отырысы өтті. Кеңес төрағасы болып экономист, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың мониторингін талдау орталығының мүшесі Олжас Құдайбергенов сайланды.

Күн тәртібі бойынша Ұлттық экономика вице-министрі Айгүл Шайымова сөз сөйледі. Оның айтуынша, сапа мен тиімділікті арттыру үшін мемлекеттік аппаратты басқарудың құзыреттілік тәсіліне көшіру жоспарлануда. Бұл ұйымдық құрылымға икемділік береді және мемлекеттің экономикалық күн тәртібінің трендтерін ескере отырып, мемлекеттік органдар құрылымында "жұмсақ" департаменттер құруға мүмкіндік береді.

Отырысқа қатысушылар қойылған міндеттерді нәтижелі шешу үшін мемлекеттік органдардың кадрлық әлеуетін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар жасады.

Ұлттық экономикалық ведомство басшысы Руслан Дәленов ұсынылған шараларды іске асыру тетігі жаңа экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша нәтижеге қол жеткізуге бағытталатынын атап өтті. Құзыреттілік тәсіл қабылданған шешімдердің тиімділігін арттырады. Өйткені басқарушылық шешімдер қабылдаудың тек бір ғана деңгейі болады.

Байланысты жаналықтар

Карантинді тағы екі аптаға ұзартыпты

29.07.2020

Нұр-Сұлтан жұмысын жарнамалауға 77 миллион жұмсалмақ

12.03.2021

Арон Атабектің ауруханаға жатқызылғаны хабарланды

28.09.2021

Аида Балаева: «Әйел басшы бола алмайды деген стереотип енді жоқ»

28.03.2020

"СҚ-Фармацияны" Мәминнің бұрынғы кеңесшісі басқарады

12.07.2020

Шабалаңдама деген депутат президентті мақтады

13.06.2020
MalimBlocks
Карантинді тағы екі аптаға ұзартыпты

Нұр-Сұлтан жұмысын жарнамалауға 77 миллион жұмсалмақ

Арон Атабектің ауруханаға жатқызылғаны хабарланды

Аида Балаева: «Әйел басшы бола алмайды деген стереотип енді жоқ»

"СҚ-Фармацияны" Мәминнің бұрынғы кеңесшісі басқарады

Шабалаңдама деген депутат президентті мақтады