Аймағамбетовке дейінгілер ай қарап келген бе?

  • 17.02.2020
  • Бағашар Тұрсынбайұлы

Бүгін Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиыны өтіп жатыр. Онда еліміздегі білім саласындағы өзекті мәселелер айтылып, шешілу жолдары талқылануда. Осы жиында министр жатақхана мәселесі осы уақытқа дұрыс шешілмегенін айтты.

«Біз жатақханаларды жөндеуіміз керек. Министрлікке қарайтын барлық білім ордасының басшыларына айтарым, 1 тамызға дейін жөндеу жұмыстарын аяқтауымыз керек. Бұл тек университеттерге ғана емес, колледждерге де қатысты сөз. Адам шошитын, жан түршігерлік жағдайда қазіргі жатақханалар. Басқасын айтпағанда,  осындай қарапайым дүниелер шешілмеген ғой. Осыны тапсырамын», – деді Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат жиынында.

Жақында Қ. Сәтпаев атындағы политехникалық университетінің студенттері жатақхана жағдайының өте нашарлығын айтып, шағымданған болатын. Қандаланың отанына айналған жатақханалар әбден тозған. Есік-терезелері де ескірген, сынған еді. Одан басқа қанша жатақханалардың мәселесін ашық айтылмай тұр.

Соңғы уақытта басшысы ең жиі ауысқан министрлік осы – Білім және Ғылым министрлігі. Аймағамбетов айтпақшы «қарапайым дүниелері де әлі шешілмеген» білім саласының дауы бұнымен ғана бітпесе керек.

Тәуелсіздік алғалы бері қанша ақша бөлінген, қанша басшы басқарған министрліктің осы уақытқа дейінгі бір шаруасы жатақхана болуы керек еді. Аймағамбетовке дейінгі министрлер қайда қараған деген заңды сұрақ туады.

             Оқи отырыңыз: «Мұндай интернеттің барынан жоғы»

Байланысты жаналықтар

"Путиннің ұстанымын айттым. Қазаққа жерді сыйға бердік"

29.12.2020

Он күнге созылған додадан он дерек

20.04.2021

«Қатты ойланып» келе жатқан Ахметовті Тоқсейітов ауруханаға апарды

21.04.2021

Сотқа сенбейтін Сейсембайды әлеуметтік желі қорғай ма?

21.04.2020

А. Мұхамедиұлы: қызымда базар, енемде қонақүй, әйелімде компания, баламда колледж бар...

23.04.2021

Дәрігерлер "Біртанов кінәлі" дегенге сенбейді

05.11.2020