Дәрігер: Жақында вирустың екінші толқыны басталады

Балалар дәрігері, АҚШ отбасы дәрігерлері қауымдастығының мүшесі Дмитрий Киреев өзінің Instagram парақшасында бір-бір жарым айда коронавирустың екінші толқыны басталатынын айтты. Ол екінші толқынға қалай дайындалу керектігін түсіндірді.
- Адамдар тұмауға қарсы жаппай екпе ектіру керек, бірақ күмәнді грипполдан басқа ештеңе жоқ, жақын уақытта пайда болатыны-болмайтыны тағы да белгісіз (тиімділігін дәлелдеген еуропалық ваrциналарды айтып тұрмын).
- Тұмауды анықтайтын экпресс тестер де жаппай жасалатын түрі жоқ.
- Коронавирустың екінші толқынын күту керек пе? Меніңше, иә. Шамамен 1-1,5 айда екінші толқын басталады.
- Қалай дайындалу керек? Қаржы жағынан дайын болған жөн, өйткені тағы да қатаң локдаун болуы ықтимал. Жаздағы бірінші толқыннан түсінгеніміз, қаржы болса, дәрі-дәрмек, ауруханадағы төсек орын, КТ, басқаларды он есе тез сатып алуға болады.Бұл өкінішті, бірақ шындығы сол. Оның үстіне жұмыссыз қалсаң, отбасың дайындап қойған ақшаға күн көреді.
- Балалар сабағын қашықтан оқуы керек пе? Меніңше, қашықтан оқу керек емес, бірақ менің пікірімнен бәрібір ештеңе өзгермейді.
- Коронавирустан вакцина. Жақсы вакцина келесі жылдың көктемі мен жазында шығады, пайдасы күмәнді ресейлік вакцина бізге қолжетімді емес. Мүмкін, оған қол жеткізе алмайтынымыз дұрыс та шығар.
- Бұқараға арналған ірі іс-шаралар вакцина шыққанда ғана басталады.
- Қаржы сарапшысы емеспін, бірақ "ең қызық нәрсе" әлі алда сияқты. Сондықтан егер отбасыңмен шетелде демалуға мүмкіндік болса (Египет, Түркия, БАӘ), қазір демалған жөн.
- Болжам расталмауы да мүмкін, бірақ Мәскеуде бір тәуліктің ішінде коронавирус жұқтырғандар саны бір мыңнан бір жарым мыңға бір-ақ өскен. Билік бірден шаралар қабылдай бастады. Әзірге қарт адамдар мен кәсіпорындарға қатысты шектеулер қабылданды. (Мұның бәрі жеке пікірім, оны ешкімге таңып отырғаным жоқ).


Аналитика
|
26.06.2025 13:28
2025-06-26 13:28:00
Ең көп оқылған
Қазақстандағы жаңа ұлт: орыстілді қазақ пен қазақтың арасы алшақтап бара ма?
Политика
|
26.06.2025 13:28
2025-06-26 13:28:00
Адам өлтіріп, мәйітті өзенге тастағандар сотталды
Политика
|
25.06.2025 14:30
2025-06-25 14:30:00
Қазіргі балалар түсінбейтін 10 зат
Политика
|
25.06.2025 11:55
2025-06-25 11:55:00
Аббас Аракчи: Иран ядролық бағдарламадан бас тартпайды
Политика
|
25.06.2025 07:00
2025-06-25 07:00:00
Тоқаев алдағы күндері Беларусь еліне барады
Политика
|
25.06.2025 20:20
2025-06-25 20:20:00
Трамп: «Америка дауысы» радиостанциясы жұмысын тоқтатуы тиіс
Политика
|
26.06.2025 12:10
2025-06-26 12:10:00
«Жүрегім қиналып отыр». Наркенже Серікбаева оқырмандарына жазба арнады
Политика
|
26.06.2025 16:38
2025-06-26 16:38:00
