Семейде белгісіз біреулер танымал дәрігерді өлтіріп кеткен

Сұлу Бөлек

  • 25.04.2025

Семейде танымал дәрігер өз үйінде өлі табылды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.  

21 сәуірде полицияға қала шетіндегі бау-бақша үйінен 72 жастағы әйелдің мәйіті табылғаны жөнінде хабар түскен. Оның денесінде зорлық белгілері байқалған. 

Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті қолға түсті.

"Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп нақтылады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Қазір іс бойынша жан-жақты, толық және объективті тергеу жүргізу үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қайғылы оқиға туралы Өскемен қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Денис Данилевский өзінің Facebook-парақшасында жазды. 

"Бұл жантүршігерлік жағдай 21 сәуірге қараған түні, дәл Пасха мерекесінде болған. Клавдия Ким қаладағы өз саяжайында қастандықпен өлтірілген. Кеше марқұммен қоштасу рәсімі өтті, оған жүздеген адам келіп, Клавдия Кимге соңғы рет құрмет көрсетті”, – деп жазды ол.

Ол өзінің Клавдия Киммен 1999-2003 жылдары екінші шақырылымдағы мәслихат депутаты болғанын атап өтті. 

"Не үшін өлтірді? Ол кімнің жолын кесіп кетті? Керемет дәрігер, ұйымдастырушы, басшы кімге кедергі келтірді? Қылмыстың ресми түрде мән-жайын білмейміз. Бейресмм ақпаратқа сәйкес, марқұмға бірнеше рет пышақ жарақатын салған. Қылмыс Клавдия Ким үйінде жалғыз қалғанда жасалған. Қарт адамның өмірін қию неге керек болды екен? Әлде 90-жылдар қайталанып жатыр ма", – делінген жазбада.

Фото: Денис Данилевский Facebook-парақшасынан

Байланысты жаналықтар

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

14.05.2025

Ливияда қақтығыс болып, қауіпсіздік қызметінің басшысы қаза тапты

13.05.2025

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

08.05.2025

30 жастағы мұғалім жұмысбастылықтан көз жұмды

06.05.2025

Балаларының көзінше пышақтаған: әйелін өлтірді деген экс-полицейдің ісіне қатысты жаңа дерек айтылды

06.05.2025
MalimBlocks
Шерзат ісі: судья ескерту жасады

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі бұған дейін адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған

Ливияда қақтығыс болып, қауіпсіздік қызметінің басшысы қаза тапты

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

30 жастағы мұғалім жұмысбастылықтан көз жұмды

Балаларының көзінше пышақтаған: әйелін өлтірді деген экс-полицейдің ісіне қатысты жаңа дерек айтылды

Алматыда полицей балаларының көзінше әйелін пышақтап өлтірді