Пашинян: "Армян халқы соғысқа дайын..."

  • 27.09.2020
  • Malim Админ

Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян Таулы Қарабақтағы жағдайдың ушығуына байланысты халқына үндеу жасады.

Пашинянның сөзінше жағдай халықаралық деңгейде асқынып кетуін мүмкін.

«Армян халқы соғысқа дайын. Әзербайжанда армянфобия барын баяғыдан білетін, жаулық мен жеккөрушілік басқа жағдайға апармайтыны белгілі еді. Армения Арцахтың (Таулы Қарабах) тәуелсіздігі мен қауіпсіздігінің кепілі. Армения өз халқының потенциалы мен мемлекеттік жүйесімен тауған жердің шекарасын қорғауға бар күшін салады», - деді премьер-министр.

Таулы Қарабақтағы жағдай бүгін таңертең ушыққан. Армения тарапы Әзербайжан қарулы күштері әуеден шабуыл жасады десе, Әзербайжан тарапы шабуылды бірінші Армения бастады деп отыр.

Бұл іске халықаралық ұйымдар араласып, қан төгіссіз шешіледі деп үміттенеміз.

Байланысты жаналықтар

Дулат Ағаділдің туыстары халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады

19.06.2020

«Ағама ауыртпалық түсіргенім жоқ»

13.04.2020

Әкім Әбдіқалықова, сіз ханның қызысыз ба?

16.07.2020

Қазақстанда бәрінен де Мәсімовтің орынбасары көп

26.09.2020

"Мәжіліс сайлауы онлайн өтуі мүмкін"

14.10.2020

Пропагандистер көшеге шыққандар мен қар атқандарды «бандит» дей бастайды

24.01.2021