Ильхам Әлиев комендант сағатын енгізді

Malim Админ

  • 27.09.2020

Таулы Қарабақтағы жағдайға байланысты Әзербайжан Парламенті бірнеше аймақтарына әскери жағдай енгізу туралы шешім қабылдады. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев бұйрыққа қол қойған, комендант сағаты дүйсенбіден бастап күшіне енеді. Бұл хабарды президенттің көмекшісі Хикмет Гаджиев хабарлаған.

«Әзербайжан президентінің бұйрығымен әскери жағдай енгізіледі. Президент Парламент шешімін мақұлдады», - деді Гаджиев.

Екі ел арасында 27 қыркүйек күні таңертең конфликт болған.

1991 жылы армяндар көп тұратын Таулы Қарабақ өлкесі Әзербайжаннан бөлініп, өз тәуелсіздігін жариялаған. Баку аймақты күшпен қайтаруға тырысқанда, соғыс өрті тұтанады. 1994 жылы Армения, Әзербайжан және мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасы татулық пртоколына қол қойған. Содан бері уақыт ара конфликт болып тұрған.

Осы жылдың шілде айында екі елдің әскерилері Карабақтан 300 шақырым жерде қақтығысып қалған. Екі мемлекеттен 18 адам қаза тапқан еді.

Осыған дейін Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян Таулы Қарабақтағы жағдайдың ушығуына байланысты халқына үндеу жасаған еді.

«Армян халқы соғысқа дайын. Әзербайжанда армянфобия барын баяғыдан білетін, жаулық мен жеккөрушілік басқа жағдайға апармайтыны белгілі еді. Армения Арцахтың (Таулы Қарабах) тәуелсіздігі мен қауіпсіздігінің кепілі. Армения өз халқының потенциалы мен мемлекеттік жүйесімен тауған жердің шекарасын қорғауға бар күшін салады», – деген болатын Армения премьер-министрі.

Сонымен қатар Пашинян Әзербайжан Республикасымен болған бұл жағдайға Түркияның араласпағаны дұрыс деп мәлімдеген.

Байланысты жаналықтар

Премьер-министрдің ұлы соғысқа аттанбақ

01.10.2020

Саяси дағдарыс: Президент премьердің бұйырығына қол қоюдан бас тартты

03.03.2021

Пашинян: "Армян халқы соғысқа дайын..."

27.09.2020

Ресей депутаты: Қазақстан үшін күрес жүріп жатыр

14.04.2021

Қоғамдық ұйым жетекшісі министр Тұрғымбаевтың үстінен шағымданды

03.02.2020

Ресей сенаторы: «АҚШ Ресейден Қазақстанды тартып алмақ»

01.02.2021
MalimBlocks
Премьер-министрдің ұлы соғысқа аттанбақ

Саяси дағдарыс: Президент премьердің бұйырығына қол қоюдан бас тартты

Пашинян: "Армян халқы соғысқа дайын..."

Ресей депутаты: Қазақстан үшін күрес жүріп жатыр

Қоғамдық ұйым жетекшісі министр Тұрғымбаевтың үстінен шағымданды

Ресей сенаторы: «АҚШ Ресейден Қазақстанды тартып алмақ»