Мәшһүр Жүсіптің жаназасын келіні шығарыпты

  • 29.09.2020
  • Malim Админ

Белгілі ақын Светқали Нұржан ютуб каналында Мәшһүр Жүсіптің денесінің шірімеуі туралы айтып, жаназасын келіні Ақзейнептің шығарғанын баяндайды. Видеода ақын соғыс кезінде Сталиннің өзі Яссауидың басына баруға рұқсат бергенін айтады.

«Мәскеуден 50-жылдары, жаңылмасам 1953 жылы болуы керек, қазір жаңылмасам, «Қазақтар әулиелерінен табынады, солардың басына қонақ үй салып түнейді. Соларды қирату керек» деген пәрмен келеді. Солардың бірі Маңғыстаудағы Бекет Атаның басындағы қонақ үй, біреуі Мәшһүр Жүсіп атамыздың қабірі. Кезіне қазақтың үлкен қаламгері Дихан Әбілев 54-жылдары Мәшһүр Жүсіп басында болған вандализм туралы мақала жазған. Ол «Әдебиет және искусство» журналында жарияланған. Енді Мәшекеңнің әмбеге аян өзінің аманатымен өз бейіті салынып, астындағы қабатқа өз денесі, үлкен келіні Ақзейнепке айтып, «73-ке келгенше желкелесең өлмеймін, 73-тен өткен соң, жетектесең ермеймін» деген Мәшекең  «Замананы» жазған соң, өзіне ас береді. Сонда ағайындар айтыпты. «Әй, Мәшеке, өз бейтіңді тұрғыздың, оған көндік. Ал мынау өзіңе ас беріп жатқаның қалай? Артыңда елің бар, солар бермей ме?» дегенде, «Жоқ, мен өлген кезде сендер маған ас бермек түгілі, бастарың қайда қалғанын білмей қаласыңдар. Үрерге ит қалмайды, сығарға бит қалмайды» деп, келіні Ақзейнепке: «Менің жаназамды өзің шығарып, өзің жерлейсің, өзің пәктейсің» дейді. Ел шошып кетеді. «Астағфирулла, бұл қалай болғаны. Әйел адам жаназа шығара ала ма?» дегенде, «Көресің, көнесің» деп айтты дейді. Сол айтқандай 30-жылдары ашаршылықтан ел босып, сол неге керек сол кісінің айтқаны болып, солай жерлейді. Ақзейнеп тоқсаннан асып, атасының қасына жерленген, Ескелді дейтін жерде жатыр. «Денем шірімес, бала күнімде білместікпен бір мысықты теуіп едім, сол жерім – бақайымның басы шіриді. Қалған жерім бұзылмайды» депті ғой жарықтық. «Әбжәлепте мола болмайды, Мәшһүрдің денесі шірімейді» деп отырады екен. Әбжәлеп дуана деген өзінің досы болған. Сүйегін періштелер алып кеткен екен», - дейді ақын.

Соныммен қоса Мәшһүр Жүсіп, өз бейітін зиярат ету қажылықпен тең деген сөзді де айтқан екен.

«Ертең осындай заман болады, біздің қажылық парызымыз өтелмей қалады. Сол қалай болады?» деп ақсақалдар сұрағанда, айтты дейді: «Менің бейітімді зиярат қылсаңдар, сол қажылыққа тең болады» деп. Сол қиын кезде».

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы 1858 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. 1931 жылы қайтыс болған. Ақын, публицист, этнограф, ағартушы, шежіреші, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы.

https://www.youtube.com/watch?v=E6A7ISnJD0g&feature=share&fbclid=IwAR2eATMojBzBLpKKWGxL5rK1LZBHtxMiuElfV4PGATaTJPu1pmF6MD67Rds

Байланысты жаналықтар

Бекшин бар кінәні бұрынғы басшыға аударып отыр ма?

22.04.2020

Антикор «кішкентай» шенеуніктерді жақсы ұстайды

18.09.2020

Қиындықты бірлесіп еңсерудің жолы

29.04.2020

Әкімдік қызметкерін «қатын» деген тұрғын жазаланды

16.05.2020

Ішімдік – өзіңе де, өзгеге де қауіп

28.05.2020

Сайлауға түсіп жатқан партия өкілдері Тәуелсіздік монументіне келді

16.12.2020