Аида Балаева: Ұлттық кеңес қоғамда ой еркіндігі барын көрсетті

Malim Админ

  • 29.09.2020

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева былтыр құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бір жылдан астам уақыттың ішіндегі жұмысын қорытындылады. ҚР Президенті Телерадиокешенінің YouTube арнасындағы «Балаеваға 3 сұрақ» бағдарламасының 6-шығарылымында министр Ұлттық кеңестің басты еңбегі, жоспары мен келешегі туралы ойымен бөлісті.

Министр Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылғаннан бері бір жылдан енді асқанын еске салды. Осы уақыт ішінде қоғамды елең еткізген біршама шаруа атқарылылған. Ең негізгі нәтиже ретінде – саяси реформалар топтамасын айтуға болады. Атап айтқанда «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» жаңа заң қабылданып, «Саяси партиялар туралы», «Сайлау туралы», «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» заңдарға өзгерістер енгізілген. Қылмыстық кодекстің 130-бабы қылмыс санатынан алынып тасталып, Әкімшілік кодекске ауыстырылған. 174- баптағы бас бостандығына айыру жазасы – айыппұл салумен алмастырылған. «Ардагерлер туралы» жаңа заң қабылданып, сыртқы қарыз бірыңғай реестрі бекітілді. Шетелдік жұмыс күшіне квота екі есеге қысқарды. Ауыл шаруашылық жерлерін тиімді пайдалану бойынша космостан мониторинг жобасы жүзеге асып, мемлекет меншігіне 7 млн га пайдаланылмайтын жайылым қайтарылды.

«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі біздің қоғамда ой еркіндігі мен пікір алуандығына шектеу жоқ екенін көрсетті. Әрине, кеңес өз жұмысын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасымен алда жалғастыра беретін болады. Уақыт талабына сай, онда көтерілетін мәселелер, ұсыныстар үнемі жаңарып, жаңғырып отырады. Мысалы, жақында Ұлттық кеңес мүшелерінің ұсынысымен мәдени-рухани мәселелерді дамыту бағытында жаңадан топ құрылатын болады. Яғни, Кеңес жұмысы, тек белгілі салаларда ғана шектеліп қалмайды. Ол қоғамның барлық саласындағы көкейтесті мәселелермен айналысады», - дейді Аида Балаева бағдарлама барысында.

Дереккөз: inform.kz

https://www.youtube.com/watch?v=pBYli5M6Gms&feature=emb_logo

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks
Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды