Балық аулаудың да тәртібі бар

Malim Админ

  • 29.09.2020

Елімізде Әділет министрілігінің қаулысымен, премьер-министрдің бекітуімен Балық аулау ережесі қабылданған. Онда нақты көрсетілгендей тыйым салған әдістермен балық аулап, жануарлар дүниесіне зиян тигізуге болмайды. Біздің ата-бабаларымыз да жануарлар дүниесіне зиян тигізуден қашқан. Аңшылар болған, бірақ ашкөздікке бармаған. Балықшылар болған, бірақ былыққа бармаған. Киіктің киесі туралы аңыздарымыздың бәрі соған дәлел. Арал, Балқаш, Каспий көлдерінің жағасында, Сырдария, Ертіс, Іле, Жайық сияқты ірі өзендердің бойында тұрақтаған халқымыз балықты да аулай білген. Оның қасиетін де жақсы білген.

Балық аулау дегеніміз - тіршілік қамымен немесе емдік дәру ушін балық ұстау. Мал шаруашылығымен айналысқан қазақтар ертеде балық аулауды арнайы кәсіпке айналдырмағанымен үлкендария мен теңіз, көл жағасындағылар қарапайым тәсілдермен балық аулағандығы туралы бізге жеткен деректерде айтылады. Олар қарапайым құрал түрлерімен, шанышқымен, қармақ сапу, найзамен түйреу, ілме салу, тоспа, сүзу сияқты тәсілдермен аулаған. Балық аулауға сере, шанышқы, тартпа (шаппа) сияқты шаншып аулау құралдарын, қармақты пайдаланған. Сонымен қатар ұзын таяққа аттың құйрық қылын бекітіп жасаған ілмені суға салып, балық түсуін асықпай күтіп, ілме қозғалғанда оны тартып алып ұстайтын болған. Қармақтың түрі көп, соған орай құраушы бөлшектері де сан алуан: ине қармақ, әттік, жебе, темелек, жұтпа, шортан қармақ, жалтырауық, топтап салған бір етек қармақ, шаппа қармақ, салма қармақ т.б. Қазақтар орыс қоныстанушыларынан ау құрудың, көл ортасына «ыспамен» жетудің жолдарын үйренген. Әсіресе елімізде көлдер мен үлкен өзендердің жағасында тұратын азаматтар балық шаруашылылығын жақсы меңгерген. Ата-бабаларымыз да балықты тамақ үшін, ем үшін аулаған. Бүгінгі күні балық үлкен бизнеске айналды. Біарқ бизнестің де заңы, балық аулаудың да тәртібі бар емес пе? Балықты тоқпен ұрып, ұстау қай атамыздан қалған дәстүр еді? Бұның өзі адамгершілік нормаларына да жатпайды.

Күні кеше Алматы облысында Түркістан облысы тұрғыны заңмен тыйым салынған әдіспен балық аулап, ұсталып қалды. Браконьерлерге қарсы республикамызда әртүрлі профилактикалық іс-шаралар өтіп тұрады. Соның бірі “Браконьер” жедел алдын алу іс-шарасы барысында Алматы облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының жол сақшылары “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” автожолының бойында Түркістан облысының 20 жастағы тұрғыны басқарған көліктен 115 келі балық тапты. Көлік жүргізушісі ірі көлемдегі тауарды қайдан алғанын және оны тасымалдауға қажетті тиесілі құжаттарды көрсете алмаған. Керісінше көлігінен заңмен тыйым салынған балық аулау заттары табылған.
«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тексеру барысында күдіктінің көлігінен екі аккумулятор мен тоқ ұлғайтқыш құралы, электр қармағы табылды. Заңмен тыйым салынған балық аулау құралы мен Іле өзенінен ауланған сазан және амур балықтары тәркіленді. Іс бойынша тиісті сот-биогиялық сараптамасы тағайындалды. Балықтар тиісті қабылдау орындарына өткізіліп, одан түскен қаржы мемлекет пайдасына аударылатын болады», – деді Ұйғыр ауданы Полиция бөлімінің бастығы Шыңғысхан Сабуров.

Күдікті мекен-жайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды, көлігі арнайы тұраққа қойылған. Тәртіп сақшылары қолданыстағы заңнама талабы бойынша браконьердің мемлекетке келтірген материалдық шығынын анықтап жатыр.

Апта сайын, тіпті, күн сайын балықты аймақтарыызда браконьерлер қолға түсіп жатады. Бірақ сонда да заң аясында тіршілік етуге жарамай жатырмыз.

Байланысты жаналықтар

Балықты аймақтарда браконьерлермен күрес қатты жүреді

12.08.2020

Балық – браконьерлердің жемі

22.11.2020

Жыл басынан бері 50-ге жуық заң бұзу фактісі тіркелген

20.02.2020

Карантин уақытында заңсыз балық аулаушылар көбейіп кеткен

16.04.2020
MalimBlocks
Балықты аймақтарда браконьерлермен күрес қатты жүреді

Балық – браконьерлердің жемі

Жыл басынан бері 50-ге жуық заң бұзу фактісі тіркелген

Карантин уақытында заңсыз балық аулаушылар көбейіп кеткен